2 ноября, 2022

Бүгін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында Ақтөбе қаласы бойынша колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналған кездесу өткізілді.

Кездесуде ұстаздарға діни экстремизм мен терроризм профилактикасы, студент жастар арасында кездесіп жатқан діни мәселелер бойынша мәліметтер берілді. Осы бағытта бірлескен шараларды жүзеге асырып, жастарды жат ағымдардан қорғау тілге тиек етілді. Кездесу барысында қатысушы ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Шараға Ақтөбе облысы «Дін істері басқармасының» ММ конфессияаралық қатынастар бөлімінің басшысы М. Құлбергенов, Ақтөбе облысының білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы Г. Бекиева және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н. Жаншин қатысып, колледж ұстаздарына облысымыздың діни ахуалымен таныстыра отырып, алдағы уақытта білім ошақтарындағы студенттермен теріс діни ағымдарға кіріп кетпеудің алдын алу жөнінде сөз қозғап, пікір алмасты.