16 августа, 2022

Ақтөбе облысының діни ахуалы зерделенуде

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Талғат Жақиянов пен бас сарапшы Абылайхан Маликаждар Ақтөбе облысына арнайы жұмыс сапарымен келді.
Іссапардың алғашқы күні Ақтөбе облысының дін істері басқармасы және «Аңсар» АТО, «Ихсан» орталығында болып, өңірде діни ахуалды тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, талдау жасады.
Сонымен қатар, фокус топпен (ішкі саясат, білім, жастар орталығы, имам, зиялы қауым өкілдері, АТТ мүшелері және т.б.) еркін форматта сұхбат өткізіп, дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Жоспарға сәйкес сарапшы мамандар Байғанин, Темір, Мұғалжар және Алға аудандарына барып, діни ахуалға талдау жүргізетін болады.