10-11 қараша күні Орталық мамандары Шалқар ауданына іссапар барысында №5 мектеп лицейінің мектеп ұжымы және оқушылары арасында кездесу өткізді.

Кездесуде «Терроризм — дінге жат ұғым» тақырыбы төңірегінде дәріс жүргізіп, діни сауаттылықты арттыру және жат ағымның жетегіне еріп кетудің алдын алу мақсатында өткізілген шарада мамандар мектеп ұжымының сауалдарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.

А. ж. 9 қараша күні орталық мамандары Н. Асанов пен А. Қасенов Ақтөбе қаласының №37 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында деструктивті діни идеологияның алдын алу жұмыстары мен діни сауаттылық ұғымы жайында дәріс жүргізді.

Сондай-ақ, аудиториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, қарсы насихаттық мазмұндағы таратпа материалдары үлестірілді.

Бүгін, 8 қараша күні Мәртөк ауданының №2 және №4 орта мектептерінің мұғалімдері мен 9-10-11 сынып оқушылары арасында ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Аталған шарада Орталықтың басшысы «Дін және жастар» тақырыбында дәріс жүргізіп, тақырып төңірегінде қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бүгін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында Ақтөбе қаласы бойынша колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналған кездесу өткізілді.

Кездесуде ұстаздарға діни экстремизм мен терроризм профилактикасы, студент жастар арасында кездесіп жатқан діни мәселелер бойынша мәліметтер берілді. Осы бағытта бірлескен шараларды жүзеге асырып, жастарды жат ағымдардан қорғау тілге тиек етілді. Кездесу барысында қатысушы ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.
Шараға Ақтөбе облысы «Дін істері басқармасының» ММ конфессияаралық қатынастар бөлімінің басшысы М. Құлбергенов, Ақтөбе облысының білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы Г. Бекиева және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н. Жаншин қатысып, колледж ұстаздарына облысымыздың діни ахуалымен таныстыра отырып, алдағы уақытта білім ошақтарындағы студенттермен теріс діни ағымдарға кіріп кетпеудің алдын алу жөнінде сөз қозғап, пікір алмасты.

Бүгін, 1 қараша күні Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаратылыстану факультеті студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесуде «Дәстүрлі діндердің рухани құндылықтары» тақырыбында Орталықтың теолог маманы мен психолог маманы тақырып төңірегінде дәріс оқыды.

28 қазан күні Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отыра Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің студенттері арасында ақпараттық түсіндіру жұмысы өткізілді.

Шарада «Діни сауаттылықтың маңыздылығы» тақырыбында дәріс жүргізіліп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауаптар берді.

19.10.2022

Алға ауданында 19 қазан күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жоспары негізінде Ақтөбе облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен өңірлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.
Шараның мақсаты – өңірлердегі халықтың діни сауаттылығын арттыру және жат ағымның жетегіне еріп кетудің алдын алу. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің іс әрекеттерін болдырмау үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жандандыру.
Кездесу Ақтөбе облысы Алға ауданы, Бестамақ ауылында орналасқан «Ақтөбе медресе» колледжінде «Зайырлы мемлекет пен қоғам – біздің тарихи таңдауымыз» тақырыбында медресе студенттеріне арналған түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шараға республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан дәріскер ретінде тартылды.
Сонымен қатар, шарада РАТТ мүшесі тақырып төңірегінде сөз қозғап, дінтану пәнінің мұғалімдері арасында ашық сұхбат ұйымдастырып, мұғалімдердің көкейде жүрген сұрақтарына нақты әрі тұщымды жауаптар берді.