«Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері»
[:kz]Қызылорда қаласында өткен «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстелге «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы қатысты.
Аталмыш шарада Н.Жаншин «Ақтөбе облысындағы діни экстремизмнің алдын алуда ақпараттық түсіндіру жұмысының тәжірибесінде қолданып жүрген жаңа нысаны» тақырыбында баяндама жасады.
Шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Ph.D докторы – Әділбаев Алау Шайқымұлы, «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының басшысы – Сабдин Асқар Кәлімжанұлы және басқа өңірлердегі дін мәселесін зерттеу орталықтың мамандары қатысып, осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті.
[:]