26 августа, 2022

Хромтау ауданындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары

АТТ мүшелері а. ж. 25-26 тамыз күндері жұмыс барысымен Хромтау ауданына іс-сапар жасады.
Орталықтың теологы Ш. Қазихан мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар мен өзін-өзі қамтушылардың қатысуымен өткен аудандық аурухана мен полиция бөлімшесі, әкімшілік ғимараты, мектеп гимназиясы, спорт мектебі және сауда орталықтарында «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Қоғам арасында діни деструктивті иделогияны алдын алу», «Жат ағымдардың әлеуметтік желілердегі зияны» тақырыптарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Сондай-ақ, «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мештінің имамы А. Медетбеков аудандық жамағаттар арасында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.