Наурыз 25, 2022

АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру бойынша 2 күндік семинар

🗓24-25 наурыз күндері “Аңсар” ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен халықтың діни сауаттылығын арттыру, дұрыс діни түсінік пен деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру бағытында облыс көлемінде түсіндіру жұмыстарын жүргізетін АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2 күндік семинар өтуде.

👥Облыс көлемінде 14 түсіндіру тобы жұмыс жасайды (12 аудандық, 1 қалалық, 1 облыстық).

🌐Семинардың алғашқы күні “Аңсар” АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншиннің алғысөзімен басталды. Орталық басшысы семинарға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, 2021 жылы атқарылған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына талдау жасап, 2022 жылға қойылған мақсаттар мен міндеттермен таныстырды.

⚜️Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты –
Нұрадинов Алмат Сәбитұлы аудиториямен байланыс орнату, өзекті тақырып таңдай білу жайын тілге тиек етіп, «АТТ мүшелеріне арналған аудиториямен жұмыс тәсілі», «Діни ағымдардың тұлға санасына әсері», «Қазіргі заманғы діни экстремизм” тақырыптарында дәрістер өткізді.

💠«Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ
психолог маманы –
Разақов Нұрмұхаммел Шәшіұлы “Шешендік сөз өнері” тақырыбында дәріс сағатын жүргізді. Дәріскер ата-бабамыздан қалған асыл өнердің қадір-қасиетіне тоқталып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарында сөз өнерін қалай қолдану керектігін айтып өтті.

Семинардың алғашқы күнінің соңғы нүктесін «Ихсан» орталығы» ҚБ директоры
Қалманов Мейірбек Камалбекұлы қойды. Спикер «Исламдық бағыттағы деструктивті діни ағымдар» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға теріс ағымды ұстанушылардың сипаты, белгілері туралы ақпаратпен бөлісті.