30 ИГІ ІС

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған «30 Игі іс» жобасы жалғасын табуда. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы жоба аясында жыл басынан бері мұқтаж жандарға азық-түлік қоржындарын табыстап, қол көмектерін беріп келеді.

Жоспарға сәйкес орталықтың жанынан құрылған «ANSAR VOLUNTEER» тобының еріктілері демалыс күні 2 отбасыға азық-түлік жиынтығын жеткізіп, алғысқа ие болды.

Темір ауданындағы кездесу

💠Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мемлекеттік діни саясатты насихаттау және діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни идеялогияға қарсы жұмыс жүргізу мақсатында Темір ауданында іс-сапарда болды.

🔸Екі күндік түсіндіру жұмыстарының алғашқы күні аудандық ТЖ және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесуден бастау алды. Қызылжар ЖОББО-ның жоғары сынып оқушыларымен «Ғаламтордағы теріс діни ағым идеялогиясының алдап-арбау жолдары» тақырыбында кездесу өтті. Шұбарқұдық гимназиясының оқушыларымен «Жастарды теріс діни ағым идеялогиясынан сақтандыру жолдары» тақырыбында дәріс сағаты өткізілді.

🔹Түсіндіру жұмыстары жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне ақпараттық жұмыс жүргізумен жалғасты. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрлан Асанов пен «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов теріс діни ағымдардың сипаты, белгілері туралы айтса, орталық маманы Кияс Нурлыбаев интернет желісіндегі күмәнді деструктивті сипатқа ие топтарға тіркелген аудан азаматтарына заң шеңберінде түсіндірме жүргізіліп, топтардан шығуына көмектесті.

🕌«Досжан ишан» мешітінде «Нұр ғасыр» орталық мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Ақшам», «Құптан» намазын өткізіп, жамағатпен кездесетін болады.

Сенбілік

🌿Ақтөбе қаласын санитарлық тазарту және абаттандыру жұмысын жүргізу мақсатында дін істері басқармасы және “Аңсар” АТО қызметкерлері сенбілікке шықты.

👥Әріптестер бірлесе отырып, “Нұр ғасыр” орталық мешітінің аумағын қоқыстардан тазартылып, жиналуына септігін тигізді.

Қорайлы ауылының Елек орта мектебінің оқушыларымен кездесу

🔵Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қорайлы ауылы, Елек орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Жастарды әлеуметтік желідегі жат ағымның ықпалынан сақтандыру» тақырыбында кездесу өтті.

💬«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан оқушыларға елімізде халықтың, әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңызды екенін айтты.

✅Маман түрлі деструктивті діни ағымдардың арбауына ермей, қажетті ақпаратты алуға болатын сайттар мен оқулықтарды көрсетті.

Автовокзалдағы кездесу

💠»Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары автовокзал бекетіндегі көлік жүргізушілері және жолаушылармен, Кеңес Нокин дағдылы бойындағы жұмыссыз азаматтармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🔸Мамандар қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берік, әдістемелік қағаздар таратты.

Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау бойынша Семинар.

💠Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлау семинары өтті.

👤«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин аталған семинарға қатысып, «Қазақстанның рухани қауіпсіздігіндегі діннің рөлі» тақырыбында дәріс сағатын өткізді.

🌐Орталық басшысы Қазақстандағы діни ахуал, мемлекеттің дін саласындағы рөлі мен маңызы, мемлекет пен діннің ара қатынасы жайында айтып өтіп, деструктивті ағымдар, олардың белгілері мен сипаттарын тілге тиек етті.

Теміржол вокзалы аумағында

5 сәуір күні «Аңсар» АТО мамандары теміржол вокзалы аумағындағы көлік жүргізушілері, таксисттер, жолаушыларға, қала тұрғындарына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Байқау жеңімпазы

🎉Наурыз мерекесіне орай өткізілген “Ата салтым – асыл қазынам” викториналық байқауының нәтижесінде белсенділік танытып, жеңімпаз атанған Надежда Тимощукты құттықтаймыз!

👏Жеңімпазымыз орталыққа келіп, алғыс хатпен марапатталып, сымсыз құлаққапқа ие болды.

❤️Құрметті оқырман, онлайн байқауларға қатысып, белсенділік танытсаңыз сіз де жеңімпаз атану мүмкіндігіне ие боласыз.

⭐Айта кетелік, «Аңсар» АТО ұйымдастыруымен «Контртеррористік иммунитет – ел қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында байқау жарияланды.

😉Байқау шарттарын толық орындасаңыз, смарт сағаттың иесі атанасыз! Қапы қалмаңыз!

«Әлеуметтік желі» тақырыбына кездесу

📌5 сәуір күні Ақтөбе өнеркəсіптік технологиялар және басқару колледжінің жатақхана студенттерімен «Әлеуметтік желінің әлегі» тақырыбында кездесу өтті.

📃«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының мамандары Асанов Нұрлан және Нурлыбаев Кияс жатақхана тұрғындарына ғаламтор желісінің, оныің ішінде әлеуметтік желінің пайдалы тұстарымен қатар зияны бар екендігін айтып өтті.

💬«Бүгінгі күні әлеуметтік желі – қоғамда елеулі орны бар дүниеге айналды. Күнделікті хабар тарату, ақпараттар алу және жаңалықтармен бөлісу тұрғысында қажетімізді желіден аларымыз рас. Әйтсе де түрлі негізде жүргізілетін парақшалардың бәрінің түпкі мақсаты – жақсылықты насихаттамайды. Деструктивті діни идеялогияны ұстанатын топ өкілдері өз бағытын жарнамалау үшін әлеуметтік желілерді қолданады.
Арбаушылардың бұл ісіне жастар бірден сеніп қалуы мүмкін. Сондықтан сақтанып, діни мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға кеңес береміз», – деді мамандар.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

🔹1 сәуір күні Қазақстан Республикасы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Ақтөбе қаласы оқу орталығы жеке және ауыспалы құрамы арасында «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында «ZOOM» платформасында кездесу өткізді.

🔵Кездесуді «Аңсар» АТО теолог маманы А.Сапар жүргізіп, діни негіздегі сұрақтарға жауап берді.