Әйтеке би ауданына іс-сапар барысында әскери қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

А. ж. 2-4 тамыз күндері «Аңсар» орталығының мамандары А. Қасенов пен Н. Асанов Әйтеке би ауданына іс-сапар барысында деструктивті діни идеологияның алдын алу жұмыстарын атқарды.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің «Айке», «Талдысай» және «Жамбыл» шекара бекеттерінде «Деструктивті діни ағымдар», «Суицидтік психологиялық факторлар және оларды алдын алу» тақырыптарында әскери қызметкерлердің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында дәрістер мен психологиялық тренингтер жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, қарсы насихаттық мазмұндағы таратпа материалдары үлестірілді.

Болашақ дін мамандарымен еркін форматта кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 1 тамыз күні облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығында еліміздің діни оқу орындарында білім алып жатқан Ақтөбелік студенттермен кездесу өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы А.Тұралиев, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің найб имамы Н.Смағұлов, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Н.Жаншин, Ақтөбе қалалық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы С.Ұлқабай «Ихсан» кеңес беру-оңалту қоғамдық бірлестігінің басшысы М.Қалманов, «Нұр–Мүбарак» Египет ислам мәдениеті мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттерінің студенттері мен Ақтөбе, Шымкент, Сарыағаш медреселерінің шәкірттері қатысты.
Кездесу еркін форматта өтіп, шара барысында жұмысқа орналастыру және тағалымдамадан өту мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, шәкірттер алдағы жоспарлармен бөлісіп, өз ойларын еркін жеткізіп, көкірегінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптарын алды.
Атап айтар болсақ, 2021-2022 оқу жылы Ақтөбелік 236 студент қазақстандық теологиялық оқу орындарында білім алуда. Яғни, 87 студент жоғарғы оқу орныдарында және 148 студент медреселерде.

Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұрат Құлбергенов пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин 28-29 шілдеде Қарғалы және Мәртөк аудандарында болып, арнайы талдау жұмыстарын жүргізді.

Аудандарға әдістемелік көмек көрсету және діни ахуалды тұрақтандыру бағытында, аудандарда атқарылып жатырған жұмыстардың тиімділігіне талдау жасау мақсатында арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұрат Құлбергенов пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин 28-29 шілдеде Қарғалы және Мәртөк аудандарында болып, арнайы талдау жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысында аудандардағы ақпараттық түсіндіру, БАҚ және интернет ресурстарымен жұмыс және ДДА ұстанушы азаматтарды оңалту бағытындағы жұмыстардың тиімділігі қаралды. Жұмыстардың орындалу барысы, жыл басында қойылған индикаторға сәйкес орындалуы қаралды. Жұмыс тобы Қарғалы ауданындағы салынғалы отырған мешітке бөлінген жермен танысты. Мәртөк және Қарғалы аудандарының кітапханасына барып, діни әдебиеттерге мониторинг жасалды. Сонымен қатар, мешіт қызметімен танысты.

Және арнайы жұмыс тобы аудан әкімдерінің орынбасарларының қабылдауында болып, дін саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, аталған кемшіліктерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының Шалқар ауданында өткен түсіндіру жұмыстары өз мәресіне жетті.

22 шілде күні мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, кітапхана қызметкерлерімен «Терроризм – дінге жат ұғым» тақырыбында кездесу өтті. Шалқар қалалық әкімдігінің қызметкерлеріне «Жалпы жастарды жат көзқарастағы түрлі діни ағымдардың идеологиясы мен пікірінен сақтандыру» түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Ұлы борсық» КМК-де «Өскелең ұрпақты түрлі діни ағымдардың идеологиясынан сақтау» тақырыбында кездесу өтті.

Түсіндіру тобының мүшелері базар, сауда-саттық орындары, мешіт, қоғамдық көлік жұмысшыларына бүктемелер таратып, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізді. Темір жол өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен «Жасыл ел» бағдарламасының жастарымен «Дәстүр мен ата дініміздің сабақтастығы» тақырыбында сұхбат түріндегі кездесу өтті.

«ҰЛЫ ҚАБЫРҒА» ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙ БҰРҒЫЛАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖҮРДІ

21 шілде күні «Дәстүрлі емес ағымдардың қоғамға әсері» тақырыбында, «Ұлы Қабырға» Қазақстан – Қытай бұрғылау компаниясының жұмысшыларымен кездесу өтті.

Шараға «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» мекемесінің басшысы С.Ұлқабай және орталық мамандары теолог Ұзақбай Әділжан Берікбайұлы, психолог Тулепбергенов Тимур, сондай-ақ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының «БАҚ және интернет ресурстарымен жұмыс» бөлімінің басшысы Амина Абуева қатысып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекеме қызметкерлеріне әдістемелік қағаздар таратылды.

«Радикалды діни ағымдардың белгілері» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізілді

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрлан Асанов пен психолог Ақжол Қасенов Мал базары базары аумағындағы өзін-өзі қамтушыларға, тұрғындарға «Радикалды діни ағымдардың белгілері» тақырыбында ақпараттық түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік құралдар таратты.