ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНДЕРДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау ортылғының теолог маманы С.Жидебаевтың қатысуымен С.Баишев атындағы университетінің 1 және 2 курс студенттерімен дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында теолог маман дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің ара жігін ажыратып, жастарды жат ағымның ықпалына ұшыраудан сақтандырды.

[:]

Жастарға керегі білім, сауатты ілім.

[:kz]Кешегі жексенбілік кездесу осының дәлелі. Кейіпкеріміз алдымен өз өміріне тоқталып, бұл жастардың алдына қалай келгенін айтып өтті. Төлеген Өмірзақұлының өмірлік мысалынан Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» дегенін медреседе имам дайындарда берік ұстанатынын, Алланың береріне сеніп, соған сай талаптансаң алынбас қамал жоғын түсіндік. Исламдағы еңбек құндылығын тарқата айтып. Кісі ақысы мәселесіне терең тоқталды. Бұл өмірде кісінің кешірімін алу оңай, арғы өмірге өтіп кетсе ауыр. Сондықтан көңілде де, істе де кісі ақысын жемеңіздер, кешірімін тезірек алуға ұмтылыңыздар деді. Сұхбат соңында жақсы сұрақ, ұтқыр пікір білдіргендерге сыйлыққа кітаптар берілді. Кеште болған оқырман, сіздің не қосарыңыз бар? Сіз бұл кездесуден не түйдіңіз?

[:]

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол Аханұлы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағындағы қызметкерлерімен семинар-кеңеске қатысып, дәріс өткізді.

Шара барысында деструктивті діни ағымның ықпалына түскен адамдардың бойындағы өзгерістер мен радикалдық діни идеологияның әсеріне ұшыраған адамдарды радикалды көзқарастан арылтудың жолдарының маңыздылығына тоқталды.

Шара барысында қойылған сұрақтардың барлығына толық әрі нақты жауап берілді.

[:]

«Таза қала» акциясы

[:kz]»Облыстық дін істері басқармасы» ММ және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері М.Әуезов көшесіндегі қоқыстарды тазартып, ретке келтіру үшін сенбілік өткізді.

[:]

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

[:kz]

«Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психологы Эльмира Қайырғалиқызы психологиялық семинар-тренинг өткізді.
Ақтөбе қаласындағы Әйелдер сауат ашу орталығында өткен бұл шараға мешіт жамағаттары, өңіріміздегі арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, әр түрлі мамандық иелері, соның ішінде, жас мамандар қатысып, белсенділік танытты.
Тренингтің тақырыбы тайм-менеджмент, яғни уақытты қалай тиімді қолдана аламыз деген мәселеге арналды. Шараға жиналған әжелер мен қыз-келіншектер алдарына қойған мақсатқа жету жолында күнделікті істерін қалай реттеу қажеттігі жайлы жан-жақты мәлімет алды.
Қатысушылар тренинг барысында «Өмір шеңбері», «Жоспар құру» және «Менің ойым» секілді тапсырмалар мен қызықты ойындарға белсене қатысып, психологтың сұрақтарына ашық жауап беру арқылы өздері қиын деп ойлап жүрген мәселелерін басқа қырынан тани түсті.
Шара барысында ең жас қатысушы – Өмірзақ Сындар Төлегенқызы ақын Алмас Темірбайдың «Уақыттың қадірі» атты өлеңін мәнерлеп оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Уақытты дұрыс басқару жайлы түрлі психологиялық зерттеулердің нәтижелерімен танысумен қатар, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ талқыға салды. Шараны қорытындылау сәтінде қатысушылардың тарапынан осы секілді психологиялық семинар-тренингтер жиі болса және де семинардың тақырыбы алдағы уақытта бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары, адамдармен дұрыс қарым-қатынас құра білу, шешен сөйлеп үйрену және тағы да басқа маңызды мәселелерге арналса деген ұсыныстарын білдірді.
P.S. Әйелдер сауат ашу орталығында ұйымдастырылатын дәріс, семинарлар кезінде ересектермен қатар балаларға арналған арнайы бағдарламалар бойынша шаралар өткізу қарастырылған. Құрметті аналар, өзіңізбен бірге балаларыңыз да бірге дамысын десеңіз, орталықта өтетін шаралардан қалмаңыздар!

[:]

АРАБ ТІЛІНДЕГІ ДӘРІС БАСТАЛДЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Айжан ұстаз 26 наурыз күні алғашқы араб тіліндегі дәрісін бастады. Қатысам деушілерді әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14:30-да «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ғимаратында өтетін дәріске шақырамыз.

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, М.Оспанов көшесі 96 үй.

[:]

«Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері»

[:kz]Қызылорда қаласында өткен «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккен тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеуді жетілдіру жолдары мен тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстелге «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин  Нұрсұлтан Берікұлы қатысты.

Аталмыш шарада Н.Жаншин «Ақтөбе облысындағы діни экстремизмнің алдын алуда  ақпараттық түсіндіру жұмысының тәжірибесінде қолданып жүрген жаңа нысаны» тақырыбында баяндама жасады.

Шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Ph.D докторы – Әділбаев Алау Шайқымұлы,  «Нұр-Мүбарак» ЕИМУ жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының басшысы – Сабдин Асқар Кәлімжанұлы және басқа өңірлердегі дін мәселесін зерттеу орталықтың мамандары қатысып, осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

[:]

Темір ауданындағы түсіндіру жұмыстары

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Д.Ұзақбаев Темір ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында Кенқияқ ауылдық орталық мешітінде құптан намазының алдында мешіт жамағатына «Имам Науауидің 29 хадисі бойынша» уағыз насихат айтты.

Шұбарқұдық кентінде Локомотив депосы мекемесінің қызметкерлеріне діни мәтіндерді (Құран, хадис) дұрыс түсіну тақырыбында, Досжан Ишан орталық мешітінде «Ықылас сүресінің тәпсірі» бойынша уағыз жүргізді.

[:]

УАҚЫТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ

[:kz]»Дін. Қоғам. Жастар» жобасы аясында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған «Уақытты тиімді пайдаланудың әдістері» атты психологиялық семинар-тренинг өтті.
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы мен өндірістік тәжірибеден өтуші психолог практиканттар семинар барысында «Жұмысты жоспарлау», «Өмір шеңбері», «Менің ойым» секілді тренинг, тапсырмалар өткізді.
Қатысушылар әр тренингтен істің жоспарлануы, басымдылығы туралы түйген ойларымен бөлісіп, қорытындылап отырды.
Пайдалы уақыт пен техникалық уақыттың айырмашылықтары атйтылып, уақыт өлтіруші істер туралы сөз етілді.
Жастар өз өмір шеңберінің дөңгелегі жүруіне кедергі себептерді анықтады.
Сонымен қатар психолог Эльмира Қайырғалиқызы мақсатқа жетуге еш пайда әкелмейтін істер тізімін жасап, уақытты тиімді пайдалану әдістерін ұсынды.
Семинар барысында Өмірзақ Сындар мен Өмірзақ Іңкәр «Уақыттың қадірі» өлеңін оқыды.
Ал «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаев «Аср» сүресінің мағынасы туралы баяндады.

Ал сіз уақытыңызды қаншалықты тиімді пайдаланып жүрсіз? Әлеуметтік желіге қанша сағатыңызды арнайсыз? Ойланып көрдіңіз бе? Осы секілді сұрақтарға жауап алам десеңіз, әр жексенбі орталықтың ұйымдастыруымен жоспарлы түрде өтілетін шаралардан тыс қалмауға шақырамыз!

[:]

Діни сауатсыздық – экстремизмнің басы

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы С.Жидебаев 14-15 наурыз күндері Хромтау ауданында №2 хромтау гимназиясында, №3, Дөң ауылдық жалпы білім беретін орта мектептерінің жоғары сынып оқуышыларымен кездесті.
Шара барысында теолог маман теріс діни сенімнің алдын алу мақсатында дін төңірегінде түйткілді мәселелерге тоқталды.
Насихатталып жатқан діннің дәстүрлі екеніне көңіл бөлу мәселесі, сұрақтар туындаған жағдайда мешіт имамдарына жүгіну керектігі түсіндірілді.

[:]