Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы жастарға

[:kz]Шара соңында форумды ұйымдастырушы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы жастарға

  • жат діни ағымдардың ықпалына ұшырамас үшін діни сауатты болуға;
  • елімізді көркейтуге бағытталған жаңашыл, тың идеяларды жүзеге асыруға;
  • қоғамдық қызметтерге белсене атсалысып, қайырымдылық шараларына үлес қосуға Үндеу жолдады.

[:]

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жастар кәсіпкерлігін дамытудағы мемлекеттік қолдау шаралары»

[:kz]Ақтөбе облысының мәслихат депутаты, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның директоры – Ерғазина Гүлжанат Қойбағарқызының «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жастар кәсіпкерлігін дамытудағы мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында өз кәсібін бастауға талабы бар жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен гранттар жайында толық мәлімет берді.

[:]

«Үммет жастары»

[:kz]Өзі қызмет ететін өлкедегі жамағаттың ауызбіршілігі мен жақсылықта жарысып қызмет етуіне ұйытқы болып жүрген, Ақтау қаласынан келген қонақ, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық «Миғраж» мешітінің бас имамы, «Үммет жастары» қайырымдылық қорының төрағасы Баймұханов Руслан Сағынтайұлы жамағат жастарының жұмыла жасап жатқан жұмыстары жайында баяндады.

[:]

«Дін. Қоғам. Жастар»

[:kz]Форум барысында  «Дін. Қоғам. Жастар» жобасының жүзеге асырылуына үлес қосып жүрген, «Аңсар еріктілері» тобының белсенді жастары – Аталықов Жандос, Кәрім Сымбат, Қанатова Гүлзат, Мурсалина Оралбике Алғыс хатпен марапатталды.

[:]

«Дін. Қоғам. Жастар»

[:kz]

Жыл басында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Абдуллиннің бекітуімен «Дін. Қоғам. Жастар» жобасы бекітілді. Аталмыш жоба аясында өңіріміздегі жастарға арналған түрлі форматтағы шығармашылық, мәдени-спорттық, танымдық және қайырымдылық шаралары жүзеге асырылуда. Осы жылы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жанынан «Аңсар еріктілері» қайырымдылық тобы құрылып, «Алғыс айту күні», «Көрісу күні», «Наурыз» мерекелерінде халық көп шоғырланатын сауда үйлерінің алдында қайырымдылық акцияларын өткізді. Сонымен қатар жамағат арасындағы көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға азық-түлік таратты.
Тек қана қала көлемінде емес, аудандарда, соның ішінде, Мәртөк ауданында орналасқан Жайсаң балалар үйіне барып, балалармен бір күн шығармашылық шараларын ұйымдастырды. Көктем келісімен облысымыздың 150 жылдық мерей тойына арнап «150 жылдыққа 150 түп ағаш» акциясын бастап, 25 түп ағаш егіп, акцияны «Мейірім» қайырымдылық тобына жолдады.
Жастардың тек қайырымдылық шараларымен айналысып қана қоймай, жеке рухани дамуы үшін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен С. Бәйішев атындағы облыстық кітапханамен келісе отырып, Коворкинг орталығында әр жексенбі сайын жастарға арналған «Кинотайм», «Кейіпкермен сұхбат», «Оқырмандар клубы» және психологиялық семинар-тренинг және т.б. шығармашылық шаралары өткізілуде.
Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру және қайырымдылыққа үлес қосу мақсатында өңіріміздің ерікті жастары арасында шағын футболдан қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды. Сайысқа 24 команда қатысты. Оның ішінде, 6 команда Бөгетсай, Тасқопа, Сарат, Құтикөл, Жабасақ және Желтау ауылдарынан келіп, қайырымдылыққа өз үлестерін қосты.
Ал, командалардың сайысқа қатысу жарнасы ретінде жинаған қаражаты бүгінгі форум аясында көмек ретінде төрт отбасыға 50 000 теңгеден 200 000 теңге қаржылай сертификаттар табысталды.

[:]

«Дін, Қоғам. Жастар»

[:kz]ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен «Дін, Қоғам. Жастар» аймақтық жастар форумы өтті.

Форумда Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Тоқжанов Марат Лұқпанұлы өз сөзінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жастарға бағытталған жұмыстарына атап көрсетті.

[:]

КЕЗЕКТІ АТТ КЕЗДЕСУІ

[:kz]Бүгін Әйтеке би аудандық көпсалалы колледжінде «Аңсар» ақпараттық талдау орталығның теолог маманы Жидебаев Сұлтан колледж студенттеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Қазақ даналарының ғибратты сөздері» атты бүктемелер таратылды.[:]

МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

[:kz]Бүгін Әйтекеби ауданында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және аудандық ішкі саясат тапсырмасы негізінде, «Аманат-Әйтеке би» ҚБ ұйымдастыруымен Әйтеке би аудандық мешіт жамағаты арасында «Ислам ғылымхалы» кітабы бойынша зияткерлік сайысы өткізілді. Аталмыш шараға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жидебаев Сұлтан әділқазылық етіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әділқазы алқасының шешімі бойынша жүлделі 3 орынды – Тұрақ Бекасыл (10 000 тг), 2 орынды – Акмурзин Әкімкерей (15 000 тг), 1 орынды – Акмурзин Наурызбай (20 000 тг) иеленді. Сонымен қатар, шараға белсене қатысқан мешіт шәкірттеріне алғыс хатпен Қ.Құрманбаев және Е.Есімқұловтың «Ислам тарихы» кітабы сыйлыққа табысталды.

[:]

ТЕРІС АҒЫМНЫҢ ЗИЯНЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол Аханұлы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің және М.Тынышбаев атындағы колледждің студенттеріне дәріс өткізді.

Шара барысында діннен адастырар ағымдар, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары, қоғамға тигізер әсері туралы тақырыптарда сөз қозғалып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берілді.

[:]

Кезекті отырыс

[:kz]С. Бәйішев атындағы облыстық кітапхананың Коворкинг орталығында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Оқырмандар клубының мүшелері кезекті отырысын өткізді. Қайрат Жолдыбайұлының «Имани гүл» кітабы талқыланып, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Жидебаев Сұлтан оқырмандардың сауалдарына жауап берді.[:]