МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

[:kz]Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қала және аудан мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар өткізілуде. Аталмыш семинарға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин спикер ретінде шақырылып, «Діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы» тақырыбында дәріс оқыды. Мектеп ұстаздарымен кезекті кездесуде дін мәселелеріне қатысты жайттар баяндалып, қатысушылармен пікір алмасу арқылы тақырып жан-жақты талқыланды.

[:]

ЖАСТАР ЖЫЛЫ АШЫҚ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

[:kz]Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Жастар жылын салтанатты түрде ашық деп жариялады. Елбасы қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жастардың кең ауқымда және тиімді қатысуы үшін Жастар жылының маңыздылығын атап өтті: «Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Сондықтан менің Жарлығыммен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын білесіздер. Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық. Есілдің жағасында еңселі елордамыз – Астананы тұрғызып, тарихта бұрын-соңды болмаған зор жетістікке қол жеткіздік. Жүзеге асырылып жатқан шаралардың бәрі егемен еліміздің болашағы – сіздер үшін жасалып отыр».
Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл жастар жылы болып жарияланып, оның аясында мемелекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.[:]

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н. Панаев қаламыздағы №15 және 50 мектептердің ата-аналар жиналысына қатысты. Жиын барысында теолог маман «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, жастарды жат ағым ықпалына ұшыраудан сақтандыру, елімізде ҚМДБ тарапынан рұқсат етілген сайттар мен діни әдебиеттерді ғана қолдану қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар теолог Нұрбол Аханұлы Әуе Қорғаныс институтының курсанттары және офицерлерімен өткен кездесуге қатысып, жастар арасындағы суицидтің алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Суицидке итермелейтін жайттар мен жастардың қоғамнан оңашалану себептері жайлы сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, аталған мәселе жан-жақты талқыланды.

[:]

МҰҒАЛІМДЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

[:kz]Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінде аудан мұғалімдеріне арналған семинар өтуде. Аталмыш семинарда «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды. Қоғамда белең алған діни жат ағымдардан сақтану жолдары, жастардың, соның ішінде, оқушылардың ғаламтор материалдарын елімізде рұқсат етілген сайттар мен парақшалардан ғана алуына ескерту керектігі түсіндірілді. Ұстаздар тарапынан осы тақырыпқа сәйкес көптеген сауалдар қойылып, мәселе жан-жақты талқыланды.

[:]

«Дін мен дәстүр-2» байқауының 3-тапсырмасы «АҚТӨБЕНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ КӨРІНІСІ» деп аталады.

[:kz]ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
«Дін мен дәстүр-2» байқауының 3-тапсырмасы «АҚТӨБЕНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ КӨРІНІСІ» деп аталады.
_________
?Бұл аптада оқырмандарымызға берілетін тапсырма: Ақтөбенің 150 жылдығына орай, қаламыздың ең әсем көрінісін жариялауға арналған фото-байқау.
_________
?Өзіңіз түсірген суретті жариялап, #ansardinmendastur хэштегін белгілейсіз.
_________
?Ғаламтордан алынған суреттер қабылданбайды!
_________
?3-тапсырманың орындалуы 20 қаңтар күні сағат 23.00-ге дейін қабылданады.
_________
?ЕСКЕРТУ: Байқауға тек Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады![:]

Спецоперация КНБ: задержаны иностранцы, подозреваемые в подготовке терактов

[:kz]https://youtu.be/ePK2WKDlP-k

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанда теракт жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап. «2019 жылдың 10 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы арнайы операция барысында Орталық Азиядан келген шетелдік азаматтарды ұстады, олар Қазақстанда теракт жасауға дайындалды деген күдікке ілінді», – делінген видеоролик сипаттамасында. Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар ДАИШ содырларының тапсырмасын орындап, олардың жетекшілігімен әрекет еткен. Олардан жарылғыш заттарға қолданылатын құралдар табылған. Ұсталғандар Алматының адамдар көп жүретін жерлерінде қарулы шабуыл жасамақ болған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.[:ru]https://youtu.be/ePK2WKDlP-k

В Комитете нацбезопасности опубликовали видео задержания подозреваемых в подготовке терактов в Казахстане, передает Tengrinews.kz со ссылкой на сайт комитета. Специальная операция прошла 10 января 2019 года в Алматы. «Задержана группа иностранных граждан, выходцев из Центральной Азии, подозреваемых в подготовке терактов в Казахстане. Во время обыска по месту их временного проживания обнаружены и изъяты компоненты для изготовления самодельных взрывных устройств большой мощности, а также огнестрельное оружие и боеприпасы к ним», – говорится в сообщении. По версии следствия, задержанные лица действовали по заданию и под руководством пребывающих за границей боевиков ДАИШ. По этим же данным, применение взрывных устройств и последующую вооруженную атаку намечалось осуществить в Алматы, в местах массового скопления гражданского населения. Следственные мероприятия продолжаются.

Источник: Tengrinews.kz[:]

«Дін мен дәстүр-2» байқауының 2-тапсырмасы «ДОСТАРЫҢМЕН БӨЛІС» деп аталады.

[:kz]ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
«Дін мен дәстүр-2» байқауының 2-тапсырмасы «ДОСТАРЫҢМЕН БӨЛІС» деп аталады.
_________
Осы аптаның соңына дейін неғұрлым көп досыңызды @ansarcn инстаграм парақшасындағы осы посттың комментарийіне белгілейсіз.
Апта соңында ең көп досын белгілеген оқырман жүлдеге ие болады.
_________
Белгіленген адамдар Ақтөбе облысының тұрғындары болуы тиіс. Жалған немесе жарнама үшін ашылған парақшалар саналмайды.
_________
2-тапсырманың орындалуы 13 қаңтар күні сағат 23.00-ге дейін қабылданады.
_________
ЕСКЕРТУ: Байқауға тек Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады![:]

ҮЗДІК МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

[:kz]Бүгін мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында жыл бойы еңбек етіп, осы қызметте үздік деп танылған қызметкерлердің еңбегі бағаланды. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаев облыс басшысы Б. Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталса, Раушан Мералы мен Эльмира Әділхановаға облыс әкімінің орынбасары М. Тоқжановтың алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табысталды. Шара барысында дін саласындағы қызметі мен өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуде елеулі үлес қосқан азаматтар мен ұйымдар 8 номинация бойынша марапатталды.

[:]

«ДІН МЕН ДӘСТҮР» БАЙҚАУЫ

[:kz]ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
«Дін мен дәстүр-2» байқауының 1-тапсырмасы «Тамақтану әдебі және бұйымтай» деп аталады.
________
?Ең алдымен, осы суретті скрин жасап, өз парақшаңызда жариялайсыз немесе репост жасайсыз!
_________
?#ansardinmendastur хэштегін жазасыз.
_________
?Келген қонаққа қазақ алдымен асын ұсынады, сол амалға сай етіп сүннет пен салтымыз бойынша астың және тамақтану әдебін жазып түсіндіресіз.
?»Бұйымтай» сөзіне анықтама бере отырып, үйіңізге келген қонаққа қандай бұйымтай бергеніңізді сурет арқылы көрсетесіз. Бұл сурет негізгі суреттің жанына қосымша тіркеледі.
________
?Жауаптар 1 қаңтар кешкі сағат 23.00-ге дейін қабылданады.
________
?ЕСКЕРТУ: Байқауға тек Ақтөбе облысының тұрғындары қатыса алады!
#ansardinmendastur[:]

МӘРТӨК АУДАНЫНДАҒЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

[:kz]Мәртөк ауданында «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының бөлім басшысы, псиxолог маман Бауыржан Торғайұлы мен Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының теолог маманы Асланбек Сағынайұлының қатысуымен кездесулер өтті. Мамандардың қатысуымен аудандық Қорғаныс істері бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары баяндалды. Сонымен қатар Қаратоғай, Сарыжар ауылдық округтерінде ата-аналармен кездесулер өтті. Жиын барысында балалардың бос уақыттарын қалай өткізетіні, діни ақпаратты қайдан алатынына мән беру қажеттілігі жайында айтылды.

[:]