«МЕДИНА» ТІГІН ЦЕХЫ ЖӘНЕ MEDINA_KZ СӘН ҮЙІ «ҚҰТТЫ ҚАДАМ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

[:kz]Жиын барысында қолөнер бұйымдары және қазақы киімді насихаттайтын сән үлгісі көрсетіліп, салт-дәстүрдің сырлары айтылды.
«Медина» тігін цехы және «Medina_kz» сән үйі алғашқы кәсібін «Нұр ғасыр» мешітіне тарту рәсімін өткізді.
Шара барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Т.Талдыбаев ашылу салтанатында сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Орталықтың маманы Э.Әділханова «Ұлттық киімдер мен ою өрнектің тарихы» туралы айтты.
Салтанатты рәсімнің қонақтары ретінде Ақтөбе қаласының әкімдігі, Ақтөбе облысы дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы КММ және «Жарық» ақпараттық-консультивтік орталығы ЖММ, «Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер кеңесі, облысымызға танымал дизайнерлер мен кәсіпкерлер қатысты.

[:]

ЖАСТАР ДІНИ САУАТТЫ БОЛУЫ ТИІС

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н.Панаев қалалық №71 және №5 жалпы білім беретін орта мектептерде «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыптарында жоғары сынып оқушыларына дәріс өткізді.
Кездесу барысында жат ағымдардардың басты белгілері және орталықтың «Сенім телефоны» туралы ақпарат берілді.

[:]

«ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМНЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ҚОРҒАУ»

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н.Панаев қалалық №24 жалпы білім беретін орта мектепте «Жастар дәстүрлі емес діни ағымға қарсы» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, «Тағдырдың тәлкегі» атты бейнеролик көрсетіліп, бүктемелер таратылды.[:]

ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМҒА ҚАРСЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының «Ақпараттық түсіндіру және оңалту» бөлімінің басшысы С.Ұлқабай қалалық №44 аусымдық жалпы білім беретін орта мекте пте «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Деструктивті діни ағымның зардаптары» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, бүктемелер таратылды.

[:]

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Панаев діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша «Құрылыс және бизнес колледжінде» студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында деструктивті діни ағымдардың сипаттары, олардың белгілері және сақтану жолдары ескертілді.

[:]

ЖАСТАРДЫҢ ДІНГЕ КӨЗ ҚАРАСЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес орталықтың теолог маманы Н.Панаев 48-ші жалпы білім беретін орта мектебінің жоғары сынып оқуышалары арасында «Жастардың дінге көз қарасы» атты тақырыпта кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан діннің құндылығы, ерекшеліктері жайында сұрақтар қойылып, сұрақтарға толық жауап берілді.

[:]

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖАСТАРҒА ҚАНДАЙ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ?

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Панаев қаламыздағы №4 жалпы білім беретін орта мектепте оқушылармен кездесті. Кездесу барысында теолог жоғары сынып оқушыларымен «Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?» тақырыбында сұхбат құрды. Жастар тарапынан өздерін толғандыратын діни ақпараттар жайында сауалдар қойылып, елімізде тыйым салынған теріс бағытты насихаттайтын сайттар мен діни әдебиеттерді оқуға рұқсат етілмейтіндігі ескертілді.

[:]

МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

[:kz]Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қала және аудан мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар өткізілуде. Аталмыш семинарға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин спикер ретінде шақырылып, «Діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы» тақырыбында дәріс оқыды. Мектеп ұстаздарымен кезекті кездесуде дін мәселелеріне қатысты жайттар баяндалып, қатысушылармен пікір алмасу арқылы тақырып жан-жақты талқыланды.

[:]

ЖАСТАР ЖЫЛЫ АШЫҚ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

[:kz]Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Жастар жылын салтанатты түрде ашық деп жариялады. Елбасы қоғам өмірінің барлық аспектілеріне жастардың кең ауқымда және тиімді қатысуы үшін Жастар жылының маңыздылығын атап өтті: «Баршаңызды Жастар жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Сондықтан менің Жарлығыммен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын білесіздер. Біз бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсінде әлем мойындаған мемлекет құрдық. Есілдің жағасында еңселі елордамыз – Астананы тұрғызып, тарихта бұрын-соңды болмаған зор жетістікке қол жеткіздік. Жүзеге асырылып жатқан шаралардың бәрі егемен еліміздің болашағы – сіздер үшін жасалып отыр».
Жастар жылы – Қазақстан үшін алғаш рет бастау алған бірегей және кең ауқымды оқиға. Елбасының Жарлығымен 2019 жыл жастар жылы болып жарияланып, оның аясында мемелекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.[:]

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

[:kz]«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н. Панаев қаламыздағы №15 және 50 мектептердің ата-аналар жиналысына қатысты. Жиын барысында теолог маман «Терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, жастарды жат ағым ықпалына ұшыраудан сақтандыру, елімізде ҚМДБ тарапынан рұқсат етілген сайттар мен діни әдебиеттерді ғана қолдану қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар теолог Нұрбол Аханұлы Әуе Қорғаныс институтының курсанттары және офицерлерімен өткен кездесуге қатысып, жастар арасындағы суицидтің алдын алу тақырыбында дәріс оқыды. Суицидке итермелейтін жайттар мен жастардың қоғамнан оңашалану себептері жайлы сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, аталған мәселе жан-жақты талқыланды.

[:]