Үндістан мен Пәкістаннан келген студент жастармен кездесу

💠 Ағымдағы жылдың 24 наурызында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде Үндістан және Пәкістан елінен келген студент жастармен “Деструктивті діни ағымдар” тақырыбында кездесу өтті.

⚜️“Аңсар” ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрлан Асанов жат ағымның белгілері, сипаттары мен ерекшеліктеріне тоқталып, олардан қалай сақтану керектігін ескеріп өтті. Орталық маманы Амина Абуева теологтың сөздерін ағылшын тіліне аударып, шетелдік студенттерге жеткізіп отырды.

📑Студенттер теолог маманға қойған сауалдарына жауаптарын алды.

ҰЛЫҚ МЕЙРАМ – ӘЗ НАУРЫЗ!

🌓Күн мен түн теңесіп, табиғат жандана түсетін көктемнің ғажап мерекесі Наурыз мейрамын Аңсарлықтар өте керемет деңгейде атап өтті.

📍Дін істері басқарма басшысы Әлімбек Тұралиев атаулы мерекемен құттықтай отырып, қызметкерлердің еңбегіне табыс, өмір жолына сәттілік тіледі. “Аңсар” АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин дәстүр мен діннің қашанда бір-біріне сабақтас ұғым болғанын айта отырып, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді насихаттау маңызды екендігін айтып өтті.

⚜️Орталықтың теолог маманы Шынтас Қазихан дін мен дәстүр жөнінде сұрақтар қойып, жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етті.

🍶Қазақтың ұлттық тағамдарынан, 7 түрлі астан жасаған көжеден дәм татқан Аңсарлықтар кезекті ұлттық ойындарға берді. Арқан тарту, гир көтеру, асық ату секілді ойындар ойналды.

🌷Наурыз тойына қатысып, керемет күннің өтуіне ат салысқаны үшін дін істер басқармасына, “Ихсан” қоғамдық бірлестігіне және “Аңсар” волонтер ұйымына алғыс білдіреміз!

Қазақстандағы діни ахуал: қазіргі жағдайы мен проблемалары

🔷17 наурыз күні Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен атаулы шара болып өтті. «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин мемлекеттік қызметкерлерге «Қазақстандағы діни ахуал: қазіргі жағдайы және мәселелері» тақырыбында дәріс сағатын жүргізді.

⚪Нұрсұлтан Берікұлы Қазақстандағы, өңірдегі діни ахуал жайын тілге тиек етіп, деструктивті діни ағымдар, олардың сипаттары мен белгілері, қауіп қатерлері, сақтану жолдары жайында айтып өтті.

📠Дәріс барысында жат ағымды уағыздаушы, дәрістерін тыңдауға тиым салынған адамдар туралы ақпарат беріліп, сақ болу ескертілді. Сонымен қатар, орталық басшысы расталған діни мағлұматтарды алуға рұқсат етілген сайттар мен оқулықтарды кеңес етті.

Облыстық балалар кітапханасының қызметкерлерімен Онлайн кездесу.Н.Байғанин

✅16 наурыз күні «Аңсар» АТО теолог маманы Асанов Нұрлан Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлерімен және жастармен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.

🔵«Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында өткен шарада теолог маман – салт-дәстүр мен дін туралы мағлұмат беріп, аталған ұғымдар ешқашан бір-біріне қайшы келмегенін, керісінше, бір-бірін толықтырып тұрушы элемент ретінде саналатынын жеткізді.

🔶«Дәстүріңді баққаның-үмітіңді жаққаның» деген аталы сөз қазақ халқының қашанда ғұрпына, әдебіне сай әрекет қылғанын аңғартады. Діндегі «ұят, намыс, өнеге, сабыр, еңбек» деген ұғымдар дәстүріміздің өзегі іспеттес. Өкінішке орай, дәстүрді заманның тозығы санап, ел арасына іріткі салып жүрген деструктивді діни идеялогияны ұстанушылардың бар. Біздің мақсатымыз – қаймағы бұзылмаған қаймана қазақтың тыныштығын сақтап, бейбіт өмір сүру және жат ағымның алдын алу»,- деп атап өтті Нұрлан Әділханұлы.

Әлеуметтік желіге жауапты мамандардың біліктілігін арттыру

📍«Аңсар» АТО – ның ұйымдастыруымен әлеуметтік желіге жауапты мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 15-16 наурызында интернет ресурстарында дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын алу жұмыстарын жүргізетін мамандарға «SMM», «копирайтинг», «интернет-журналистика», «сторизмейкинг», «мобилография» дағдыларын оқыту семинары өтуде.

🗓2 күндік семинарды Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев салтанатты түрде ашып, қонақтарға сәттілік тіледі. «Аңсар» АТО орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин 2021 жылы интернет кеңістігінде белсенді жұмыс атқарған мамандарды марапаттады. Атап өтер болсақ, Байғанин ауданының маманы Әділханова Дана белсенділігі үшін, Шалқар аудандық «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ креативтілігімен ерекшеленгені үшін, «Нұр Ғасыр» мешітінің маманы Ақтолқын Тажикова дін мен дәстүр сабақтастығын жаңаша үлгіде насихаттағаны үшін алғыс хаттар мен сый-сияпаттарға ие болды.

📁ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, дін істері комитетінің маманы Жапал Долиев интернет кеңістігінде дін саласы бойынша ақпараттық жұмыстарды жүргізудің қағидаты жайында сөз қозғады. «Аңсар» АТО СММ маманы Мөлдір Кенжеғарақызы 2021 жылы интернет парақшалардың жүргізілуі бойынша талдау жасап, 2022 жылға қойған мақсаттар мен міндеттерді атап өтті.

📚Оқыту семинарының сабағы СММ, копирайтинг маманы Ақтілек Орынбасарованың теориялық дәріс сабағымен басталды. Спикер қоғамдағы, маркетингтегі, ақпарат жеткізудегі СММ-нің рөліне тоқталып, бірқатар элементтері жайында дәріс сабағын оқыды. Түскі астан соң, сторизмейкинг маманы Аружан Мырзабаева әлеуметтік желідегі сторизмейкер маманының маңызды рөлі мен атқаратын қызметін түсіндіріп өтті.

🖇Үзілістен соң қатысушылар СММ саласы бойынша алған теориялық білімдерін практика мазмұнында жүзеге асырды. Кейін мобилография маман Жәнібек Рысқұл теориялық сабағында аталған жанрдың ерекшеліктері, пайдасы мен түсірілімі жайында дәріс сабағын жүргізді.
Семинардың екінші күнінде SMM, копирайтинг маманы Ақтілек Орынбасарова копирайтинг туралы теориялық дәріс сабағын өткізді. Спикер «копирайтер кім? Мәтін жазудың құпиялары мен формулалары қандай?» деген сауалдардың жауабына толық мағлұмат берді. Қатысушылар теориялық білім базасын практикалық сабақта қолдана білді. Үзілістен соң, мобилография және сторизмейкинг бойынша практикалық сабақ өткізілді.
Семинар қорытындысы бойынша «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин қатысушыларды 2 күндік оқыту семинарын сәтті аяқтағанымен құттықтай отырып, біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификаттармен марапаттады.

Деструктивті діни ағымның белгілері мен ерекшеліктері туралы

📃14 наурыз күні Т.Бигельдинов атындағы ӘҚК Әскери институтының жеке құраммен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде армиялық ортаға деструктивті идеялардың кіруінің алдын алу бойынша «Признаки приверженцев нетрадиционных религиозных течений» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Нұрлан Әділханұлы деструктивті діни ағымның белгілері мен ерекшеліктері жайында сөз қозғады.

«Экстремизм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал етуді мақсат тұтуда. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленуші, идеологиялық ықпалға түсетін қоғамның ерекше тобы – жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысана.
Сондықтан жастар сенімді ақпарат көзіне жүгініп, түрлі сауалдың жауабын арнайы мамандардан ғана білген жөн», – деді орталық маманы.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері мен алдын алу жолдары «тақырыбында кездесу

💯15 наурыз күні ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың ерекшеліктері мен алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті. «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан мен орталық психологы Ақжол Қасенов мемлекет басшысының жолдауларына сәйкес діни саясат насихатын жүргізе отырып, деструктивті діни идеялогия, одан сақтану жолдары, ерекшеліктері мен белгілері жайында сөз қозғады.

Офицерлерге бүктеме таратылып, сауалдарына жауап берілді.

Деструктивті діни идеология туралы кездесу

📌 14 наурыз, Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасында деструктивті діни идеялогия, оның белгілері, ерекшеліктері туралы кездесу өтті. “Аңсар” АТО теолог маманы Асанов Нұрлан және психолог Қасенов Ақжол жат ағымның қауіптілі, сақтану жолдары туралы айтып, дәстүрлі діни мәзһабы жайында ақпарат берді.

⚜️Сонымен қатар, ҚР ішкі істер министрлігі, Ақтөбе облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы өңірдің діни ахуалын тұрақтандыру жолында аянбай еңбек етіп, жоғары біліктілігін көрсетіп, оқыту семинарларын, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін “Аңсар” ақпараттық-талдау орталығы марапатталды.

Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттерімен кездесу

💠Наурыз айының 2-сінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттерімен «ZOOM» платформасы арқылы және жатақхана тұрғындарымын сұхбат форматында кездесу өтті.

«Қазақ тұрмысы мен салт-дәстүріндегі ислам дінінің орны» тақырыбында өткен кездесуге «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Шынтас Қазихан мен орталық психологы Ақжол Қасенов қатысты.

Салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарғаны белгілі, сондықтан да оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Өйткені, дін адамдары қашанда бейбітшілік, әділдік, имандылық туын көтерушілер қатарынан табылуы тиіс. Қазіргі таңдағы басты мақсат – халықтың асыл қазынасын қабылдау, рухани байлығынан сусындау – салт-дәстүрін, тілін, діні мен ділін жетік меңгеру.Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз.

«Qurbym» Орталығы

💐Наурыз айының алғашқы, атаулы күнінде Ақтөбе қаласында алғаш рет әйел жамағаты үшін ерекше форматтағы «Qurbym» орталығы ашылды. Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан ашылған орталықтың басты мақсаты – әйелдердің көңілді уақыт өткізуіне, дамушы орта құруына, күйзелістен шығу және ішкі жан дүниесінің үндесім табуына бағытталып отыр.

🗣Орталық меңгерушісі Менжанова Айдана қыз-келіншектер бас қосатын ортада декреттегі аналарға моральдық көмек, ай сайын әр түрлі форматта кездесу кештері, қызықты рухани көріністер болатынын айтып өтті.

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Айзат Қобланқызы «Бақытты әйелдің құпиясы» тақырыбында дәріс жүргізді.