«Ярмарка» сауда үйінде кездесу

⭐2 наурыз күні «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог мамандары Ақтөбе қаласы, Нокин даңғылындағы жұмыссыздар, «Ярмарка» сауда үйінің көлік жүргізушілері және өзін-өзі қамтушыларымен (әйел жамағаты), сонымен қатар, «Арай 2» сауда үйінің өзін-өзі қамтушыларымен жүздесіп, бүктемелер таратты.

👥Қала тұрғындары мамандарға сұрақ қойып, сауалдарына жауап алды.

«ZOOM» платформасы арқылы Ақтөбе университетінің студенттерімен кездесу

💠Наурыз айының 2-сінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенттерімен «ZOOM» платформасы арқылы және жатақхана тұрғындарымын сұхбат форматында кездесу өтті.

«Қазақ тұрмысы мен салт-дәстүріндегі ислам дінінің орны» тақырыбында өткен кездесуге «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Шынтас Қазихан мен орталық психологы Ақжол Қасенов қатысты.

Салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарғаны белгілі, сондықтан да оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Өйткені, дін адамдары қашанда бейбітшілік, әділдік, имандылық туын көтерушілер қатарынан табылуы тиіс. Қазіргі таңдағы басты мақсат – халықтың асыл қазынасын қабылдау, рухани байлығынан сусындау – салт-дәстүрін, тілін, діні мен ділін жетік меңгеру.Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз.

«Әлеуметтік желінің әлеуеті мен әлегі»

Ағымдағы жылдың наурыз айының бірінде Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде, шет тілдер мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика, психология және пәндік факультет топтары арасында «Әлеуметтік желінің әлеуеті мен әлегі» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» ақпараттық-технологиялар орталығының маманы Нұрлан Әділханұлы оқушыларға әлеуметтік желінің пайдасымен қатар зияны да бар екеніне баса назар қойып айтты.

«Әлеуметтік желі – қажетті мағлұматты іздеуші оқырман үшін өте пайдалы болып есептелетіні анық. Әйтсе де, ондағы ақпараттардың барлығы шындыққа жанаспайды. Әсіресе қоғамның өте нәзік тұстарының бірі дін саласы – шын мәліметтердің таралуын талап етеді. Өкінішке орай, бұрмалаушы адамдар кей ақпараттарды жалған түрде шығарып, көпшіліктің теріс жолға түсуіне себепші болуда. Бұл тұрғыда арнайы мамандар жұмыс жасайды. Ал сіздер ақпараттың дұрыс-бұрысын тиісті сайттар мен оқулықтардан анықтай аласыздар», – деді орталық маманы.

Студенттерге буклеттер таратылып, сұрақтарына жауап алды.

Дарын 28

🖇2022 жылдың 28-інші ақпанында М. Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу өтті. «Жат діннен сақ бол!» тақырыбында сұхбар форматында өткен кездесуге «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан мен орталықтың психолог маманы Қасенов Ақжол қатысты.

Орталық мамандары мектеп оқушыларын қазіргі уақыттағы қоғамның басты дерті – деструктивті діни ағымның белгілері мен ерекшеліктерімен таныстырып, олардан сақ болуға шақырды.

🧑🏻‍🏫Мектеп оқушылары тақырып бойынша түрлі сұрақтарға жауап алып, мамандармен пікірлесе отырып, тақырыпты талқыға салды.

Қобда 24

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ҚОБДАДА💯

Ақпан айының 24-інде ақпараттың түсіндіру тобы мүшелері – «Аңсар» орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы, «Аңсар» орталығының психолог маманы Қасенов Ақжол Нұрланұлы аудан тұрғындарының сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпарат берді.

Топ мүшелері «Егіндібұлақ» ауылдық жастар мәдениет үйі, «Бегалы» ауылдық клубы, «Бесқұдық» мәдениет үйі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Талдысай» мәдениет үйі, «Әлия» ауылдық клубы қызметкерлері және ауыл тұрғындары мен Қобда көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесті.
Сонымен қатар, аудандық жастар ресурсы орталығында пробация есебінде тұрған азаматтар және олардың тума-туыстарымен кездесу өтті.

Әлеуметтік желілер мен SMM жарнамалық құралдарын пайдалану арқылы халықаралық террористік ұйымдардың көшбасшылары өз аудиториясының негізгі қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес материалдар дайындайды. Нәтижесінде, жалған ақпарат тарату арқылы теріс ағымға жетелейді. Бұл сын-қатерлер мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан жүйелі шешімдердің қабылдануын талап етеді. Мамандар түрлі экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін және жақындарын алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғады.

Аудан тұрғындары, қызметкерлер және студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

АПК 24

💠Ағымдағы жылдың 24-ші ақпанында Ақтөбе политехникалық колледжі студенттерінің қатысуымен «Тәрбиенің рухани тірегі – дін» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Шынтас Қазихан колледж студенттеріне Отанды құрметтеу, отбасы құндылығын сақтау, әдет пен мінездегі, өмір сүрудегі басты әрі өзгермейтін заңдылық тәрбие мен дін екенін айтып өтті.

Ата-ананы сыйлау, адам құқығын таптамау, өз жанын ізгілікке толтыру – дұрыс бағыттағы діни көзқарас. Тәлім-тәрбие мен өнеге болатын, әрбір адамның рухани баюына, ой өрісінің кеңейуіне, адами құндылықтың тарауына жәрдем беру – тәрбиелі істің көрінісі.

«Отанды сүю-иманнан. Бұл дегеніміз жан-дүниеміздегі барлық сезімдердің негізгі белгісі жүрек тазалығы мен сауатты болуымызда. Өкінішке орай, жат ағымның жетегінде кеткен көпшілік дәстүрімізге жат дүниелермен адам шошытарлық белгісіз тиымдарды шығарып жүр. Деструктивті ағымдардың азғындауына ермей, дәстүріміз бен дінімізге сай өмір салтын ұстанған жөн», – деп орталық маманы тәрбиеміздің басты негізі – дін мен дәстүр екенін атап өтті.

Колледж студенттері маманға сауалдар қойып, пікірлерімен бөлісті.

3 жатақхана Жұбанов

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог мамандары Сұлтан Жидебаев пен Шынтас Қазихан діни экстремизмнің кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына кері әсерін тигізіп жатқанын айта отырып, аталған ұйымның ерекшеліктері мен белгілеріне тоқталып өтті.

Экстремистік ұйымдардың негізгі мақсатты аудиториясы әлеуметтік, саяси, экономикалық және басқа факторлардың әсерінен идеологиялық көзқарасы толық қалыптаспаған жастар санаты болып табылатыны белгілі. Бұл тізімде студенттер де бар. Жастардың интернет арқылы радикалдануы – жаһандық үдеріс, оның аясында әлеуметтік желілер зорлық-зомбылықты насихаттаудың, радикалды идеялардың таралуының стратегиялық құралы ретінде қолданылады. Орталық мамандары жастарды әлеуметтік желілердегі түрлі жазбаларға сеніп, арандатушылардың арбауына ермеулерін ескертті.

Медакадемия 23

23 ақпан күні М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, жалпы медицина, психология бөлімі мамандығының студенттерімен онлайн форматта кездесу болып өтті.

«ZOOM» конференциясында өткен шарада қазақ бөліміне «Аңсар» АТО маманы Ш.Қазихан «Дін және жастар», орыс бөліміне дінтанушы О.Вороневич «Молодежь и религия» тақырыбында дәріс сабақтарын жүргізді.

«Діни экстремизм мен терроризм радикализмнің кең тараған түрлері болып табылады. Өкінішке орай, құқық қорғау органдары атап көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыс түрлері де елімізде етек алуда»,-деді мамандар.

Экстремизм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал етуді мақсат тұтуда. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленуші, идеологиялық ықпалға түсетін қоғамның ерекше тобы – жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысана.
Сондықтан жастар сенімді ақпарат көзіне жүгініп, түрлі сауалдың жауабын арнайы мамандардан ғана білген жөн.

Жастар үйі

✅Ақпан айының 23-інде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, жастар үйінің студент-тұрғындарымен кездесу өтті. «Деструктивті іс қимылдарға әкеліп соғатын факторлар» тақырыбында өткен кездесуді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының маманы Шынтас Қазихан жүргізді.

Маман – жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның және мемлекеттің жауапкершілігі шеңберінде қарастырылатынын атап өтті.

Шара барысында түрлі ақпараттар, буклеттер таратылды, білім алушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Жұбанов 2 жатақхана үйі

✋Сәлеметсіздер ме, құрметті Аңсарлық оқырмандар!

Жат ағымның алдын алу бағытында қаламыздағы оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны баршаңызға мәлім. Дәл осы мақсатты негізге ала отырып, 22 ақпан күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаратылыстану факультеті және №2 жатақхана үйі студенттерінің қатысуымен «Студенттер арасында экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» АТО теолог мамандары Нұрлан Әділханұлы, Шынтас Қазихан, Айзат Қобланқызы, Гүлфайруз Әжіғалиева білім алушыларға деструктивті діни ағымның қаупін және дәстүрлі емес ағым өкілдерінің белгілері жайлы айтып, ақпарат берді. Мамандар діни мағлұматтарды алуға болатын сенімді дереккөздерді ұсынды.

Диалог түрінде өткен кездесу барысында студенттер өз сауалдарын қойып, тиісті жауабын алды.