Наурыз 16, 2022

Деструктивті діни ағымның белгілері мен ерекшеліктері туралы

📃14 наурыз күні Т.Бигельдинов атындағы ӘҚК Әскери институтының жеке құраммен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде армиялық ортаға деструктивті идеялардың кіруінің алдын алу бойынша «Признаки приверженцев нетрадиционных религиозных течений» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Нұрлан Әділханұлы деструктивті діни ағымның белгілері мен ерекшеліктері жайында сөз қозғады.

«Экстремизм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал етуді мақсат тұтуда. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленуші, идеологиялық ықпалға түсетін қоғамның ерекше тобы – жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысана.
Сондықтан жастар сенімді ақпарат көзіне жүгініп, түрлі сауалдың жауабын арнайы мамандардан ғана білген жөн», – деді орталық маманы.