Ақпан 17, 2022

Летный

🔹14 ақпан , сейсенбі күні Т.Бигелдинов атындағы ӘҚК институтында жеке құраммен Қазақстан Республикасы қарулы күштерінде армиялық ортаға деструктивті идеялардың кіруінің алдын алу бойынша «Суицид смерть навсегда»
тақырыбындағы дін істер саласындағы
уәкілетті органның қатысуымен
курсант жастармен кездесу өтті.

🔺»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы Асанов Н. және психологы Қасенов А. сарбаздарға еліміздің дінге қатысты ұстанымдарын түсіндіру мен оларды түрлі жат ағымдардан сақтануға шақырып, жат ағымның белгілері және олардан сақтану жолдары туралы жан-жақты түсіндіріп, курсанттардың көкейтесті сауалдарына жауап берді.

🔺Кездесу барысында жастарға тақырыпқа сәйкес бейне ролик көрсетіліп, үн парақтар таратылды.

🔺Халықтың діни сауаттын арттыруды мақсат тұтқан атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жоспарға сай жүйелі жалғасатын болады.

✏️ «Аңсар» АТО баспасөз қызметі