Наурыз 2, 2022

«Әлеуметтік желінің әлеуеті мен әлегі»

Ағымдағы жылдың наурыз айының бірінде Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде, шет тілдер мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, педагогика, психология және пәндік факультет топтары арасында «Әлеуметтік желінің әлеуеті мен әлегі» тақырыбында кездесу өтті.

«Аңсар» ақпараттық-технологиялар орталығының маманы Нұрлан Әділханұлы оқушыларға әлеуметтік желінің пайдасымен қатар зияны да бар екеніне баса назар қойып айтты.

«Әлеуметтік желі – қажетті мағлұматты іздеуші оқырман үшін өте пайдалы болып есептелетіні анық. Әйтсе де, ондағы ақпараттардың барлығы шындыққа жанаспайды. Әсіресе қоғамның өте нәзік тұстарының бірі дін саласы – шын мәліметтердің таралуын талап етеді. Өкінішке орай, бұрмалаушы адамдар кей ақпараттарды жалған түрде шығарып, көпшіліктің теріс жолға түсуіне себепші болуда. Бұл тұрғыда арнайы мамандар жұмыс жасайды. Ал сіздер ақпараттың дұрыс-бұрысын тиісті сайттар мен оқулықтардан анықтай аласыздар», – деді орталық маманы.

Студенттерге буклеттер таратылып, сұрақтарына жауап алды.