Ақпан 24, 2022

Медакадемия 23

23 ақпан күні М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, жалпы медицина, психология бөлімі мамандығының студенттерімен онлайн форматта кездесу болып өтті.

«ZOOM» конференциясында өткен шарада қазақ бөліміне «Аңсар» АТО маманы Ш.Қазихан «Дін және жастар», орыс бөліміне дінтанушы О.Вороневич «Молодежь и религия» тақырыбында дәріс сабақтарын жүргізді.

«Діни экстремизм мен терроризм радикализмнің кең тараған түрлері болып табылады. Өкінішке орай, құқық қорғау органдары атап көрсетіп отырғандай, мұндай қылмыс түрлері де елімізде етек алуда»,-деді мамандар.

Экстремизм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал етуді мақсат тұтуда. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленуші, идеологиялық ықпалға түсетін қоғамның ерекше тобы – жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысана.
Сондықтан жастар сенімді ақпарат көзіне жүгініп, түрлі сауалдың жауабын арнайы мамандардан ғана білген жөн.