Ақпан 26, 2022

Қобда 24

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ҚОБДАДА💯

Ақпан айының 24-інде ақпараттың түсіндіру тобы мүшелері – «Аңсар» орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы, «Аңсар» орталығының психолог маманы Қасенов Ақжол Нұрланұлы аудан тұрғындарының сауаттылығын арттыру, деструктивті діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпарат берді.

Топ мүшелері «Егіндібұлақ» ауылдық жастар мәдениет үйі, «Бегалы» ауылдық клубы, «Бесқұдық» мәдениет үйі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Талдысай» мәдениет үйі, «Әлия» ауылдық клубы қызметкерлері және ауыл тұрғындары мен Қобда көпсалалы колледжінің студенттерімен кездесті.
Сонымен қатар, аудандық жастар ресурсы орталығында пробация есебінде тұрған азаматтар және олардың тума-туыстарымен кездесу өтті.

Әлеуметтік желілер мен SMM жарнамалық құралдарын пайдалану арқылы халықаралық террористік ұйымдардың көшбасшылары өз аудиториясының негізгі қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес материалдар дайындайды. Нәтижесінде, жалған ақпарат тарату арқылы теріс ағымға жетелейді. Бұл сын-қатерлер мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамдастық тарапынан жүйелі шешімдердің қабылдануын талап етеді. Мамандар түрлі экстремистік ұйымдардан аулақ болу, бұрыс бағыттардан өзін және жақындарын алшақ ұстау мәселелері жайлы сөз қозғады.

Аудан тұрғындары, қызметкерлер және студенттер көкейдегі сұрақтарына жауап алды.