Қыркүйек 16, 2022

Қобда ауданындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары

А. ж. 15-16 қыркүйек күндері орталық мамандары Н. Асанов пен О. Вороневич Қобда ауданына іс-сапар барысында деструктивті діни идеологияның алдын алу жұмыстарын атқарды.

Аудан мен ауылдық округтерде оқу орнындарындағы студенттер мен оқушылар, өзін-өзі қамтушылар, жұмыссыздар, жастар мен еңбек ұжымдары арасында діни ахуалды тұрақтандыру аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, аудиториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, қарсы насихаттық мазмұндағы таратпа материалдары үлестірілді.