Шілде 29, 2022

Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұрат Құлбергенов пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин 28-29 шілдеде Қарғалы және Мәртөк аудандарында болып, арнайы талдау жұмыстарын жүргізді.

Аудандарға әдістемелік көмек көрсету және діни ахуалды тұрақтандыру бағытында, аудандарда атқарылып жатырған жұмыстардың тиімділігіне талдау жасау мақсатында арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұрат Құлбергенов пен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин 28-29 шілдеде Қарғалы және Мәртөк аудандарында болып, арнайы талдау жұмыстарын жүргізді.

Іс-сапар барысында аудандардағы ақпараттық түсіндіру, БАҚ және интернет ресурстарымен жұмыс және ДДА ұстанушы азаматтарды оңалту бағытындағы жұмыстардың тиімділігі қаралды. Жұмыстардың орындалу барысы, жыл басында қойылған индикаторға сәйкес орындалуы қаралды. Жұмыс тобы Қарғалы ауданындағы салынғалы отырған мешітке бөлінген жермен танысты. Мәртөк және Қарғалы аудандарының кітапханасына барып, діни әдебиеттерге мониторинг жасалды. Сонымен қатар, мешіт қызметімен танысты.

Және арнайы жұмыс тобы аудан әкімдерінің орынбасарларының қабылдауында болып, дін саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, аталған кемшіліктерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.