8 сентября, 2022

Полиция қызметкерлерімен кезекті түсіндірме жұмысы өтті

Қыркүйек айының 8-і күні ҚР ІІМ ат. М. Бөкенбаев ат. Ақтөбе Заң институтында полиция қызметкерлерімен кездесу өтті.

Орталық мамандары М. Искаков пен А. Қасенов «Экстремизм, терроризм мен радикализмнің идеологиялық аспектілері Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер ретінде» тақырыбында дәріс жүргізді.

Кездесу барысында институттың полиция полковнигі А. Байсултановтың атынан қызметкерлер арасында діни радикалды идеологияны алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстары үшін орталық мамандарын алғыс хатпен марапаттады.