Рисунок2

Алға ауданының діни ахуалына талдау жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Шермағанбетовтың тапсырмасына сәйкес облыстық дін істері басқармасының @din_aktobe бөлім басшысы Р. Құлдыбаев, «Аңсар» АТО басшысы Н.Жаншин @nursultan_zhanshin Алға ауданында діни ахуалды тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, әдістемелік көмек көрсетті.

Алға ауданы әкімінің орынбасары М.Ермағанбетовтың қабылдауында болып, Ішкі саясат бөлімі және дін мәселелері жөніндегі орталықтардың қызметімен танысып, 2021 жылға мақсаттар мен міндеттерді пысықтады.

Келесі кездесу Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Физика математика» факультетінде «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында орталық басшысы Н.Жаншин, «Аңсар» орталығында іс-тәжірибеден өтуші «Нұр Мүбарак» ЕИМУ университетінің «Исламтану» мамандығының 4-курс студенті Б.Ізберген және Қ.А.Яссауи ат. халықаралық қазақ-түрік университетінің «Теология» мамандығының 4-курс студенті И.Кадирханова студент жастармен кездесу өткізді.

Сонымен қатар АТТ мүшелері Астана ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімінде болып, көп балалы аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Комментарии закрыты.