775757

ОБЛЫС МАМАНДАРЫ ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАСЫНДА АҚШ МАМАНДАРЫМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

7 қазан, бейсенбі күні Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев бастаған облыстың дін саласындағы мамандары Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Иллинойс университетінің профессоры Стивен Уэйнмен, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің сарапшысы Ноа Такермен кездесті.

Павлодар облысы бойынша конфессия аралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздыкова,  Ақтөбе облысы білім басқармасының маманы Гүлдана Бакиева және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин мен орталық мамандары қатысқан кездсеу барысында АҚШ пен Қазақстандағы діни ахуал талқыланды.
Қос тарап қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды қалыпты ортаға бейімдеу бойынша мәселелер қозғады.

АҚШ мамандарымен «Жусан» операциясы аясында елге оралған жамағатпен жүргізіліп жатқан оңалту жұмыстары турасында әдістемелік тәжірибе алмасты.

Комментарии закрыты.