Темір ауданындағы кездесу

?Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мемлекеттік діни саясатты насихаттау және діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни идеялогияға қарсы жұмыс жүргізу мақсатында Темір ауданында іс-сапарда болды.
?Екі күндік түсіндіру жұмыстарының алғашқы күні аудандық ТЖ және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен кездесуден бастау алды. Қызылжар ЖОББО-ның жоғары сынып оқушыларымен «Ғаламтордағы теріс діни ағым идеялогиясының алдап-арбау жолдары» тақырыбында кездесу өтті. Шұбарқұдық гимназиясының оқушыларымен «Жастарды теріс діни ағым идеялогиясынан сақтандыру жолдары» тақырыбында дәріс сағаты өткізілді.
?Түсіндіру жұмыстары жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне ақпараттық жұмыс жүргізумен жалғасты. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрлан Асанов пен «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов теріс діни ағымдардың сипаты, белгілері туралы айтса, орталық маманы Кияс Нурлыбаев интернет желісіндегі күмәнді деструктивті сипатқа ие топтарға тіркелген аудан азаматтарына заң шеңберінде түсіндірме жүргізіліп, топтардан шығуына көмектесті.
?«Досжан ишан» мешітінде «Нұр ғасыр» орталық мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Ақшам», «Құптан» намазын өткізіп, жамағатпен кездесетін болады.