6 декабря, 2024

«ДІН САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ -2024»

А.ж. 5-желтоқсанында Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы және «Аңсар ақпараттық-талдау орталығының бастауымен облыс көлемінде мемлекеттік саясатты және ұлттық құндылықтарды насихаттауда, қоғам өміріне белсене араласып, діни тұрақтылықты қалыптастыруда зор үлес қосқан мамандарды анықтау мақсатында «Дін саласының үздіктері – 2024» байқауы болды.

Байқау «Үздік қарсы насихат парақшасы – 2024», «Үздік теолог – 2024», «Үздік спикер – 2024», «Үздік имам – 2024», «Үздік маман – 2024» номинациялары бойынша өтті.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең — техникалық іріктеу;
Google платформасы арқылы портфолио (шығармашылық альбом) жүктеу;
2 кезең – конкурстық іріктеу;
Өзінің атқаратын жұмысын, оның ерекшелігін ашып көрсететін бейнежазба әзірлеу;
3 кезең – ситуациямен жұмыс;
Өзіне қойылған ситиуациялық сауалға жауап беру.

Жобаға Ақтөбе облысы бойынша 8 аудан мен Ақтөбе қаласы дін мәселелері жөніндегі орталығы және «Ихсан» орталығынан, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінен барлығы 20 маман қатысып, белсенділік танытты.

Байқауда тәуелсіз сарапшылар, атап айтсақ, Ақтөбе облысының Бас имамы — Садиев Амантай, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы – Есенжолов Қайрат, «Ақтөбе қоғамдық-саяси» газетінің тілшісі және ақпараттық түсіндіру тобының (АТТ) мүшесі – Абат Қаратаев, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы – Разақ Тастанбек, «Аңсар» АТО «Талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы Мурзагулов Рамазан төрелік етті.

«Дін саласының үздіктері – 2024» жеңімпаздары арнайы құрылған комиссия шешімімен анықталып, 19-желтоқсан күні алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.