9 апреля, 2025
«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығына жаңа басшы — Тобажанов Тоқтар Иманғалиұлы тағайындалды

Тобажанов Тоқтар Иманғалиұлы 1992 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген.
2014 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің теология мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолы 2014-2017 жылы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығында теолог маман ретінде басталып, 2017-2024 жж. Шалқар ауданы «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ басшысы міндетін атқарды.
2024-2025 жж. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасында қызмет жасады.
Алдағы уақытта облыстың діни ахуалын тұрақтандыруға және қоғам бірлігін нығайтуға бағытталған жұмыстар жалғасын табады.