7474

АҚТӨБЕДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҮШЕЛЕРІНЕ ОҚЫТУ КУРСЫ ӨТУДЕ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысына сәйкес «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 30 қыркүйек және 3 қазан аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсы өтуде.

Курстың алғашқы күнінде Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы алғы сөз сөйлеп, курс қатысушыларына сәттілік тіледі. Әрі қарай «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығының директоры Индира Қилымбекқызы Беркімбаева курс мақсатымен және орталық жұмысымен таныстырды.

Оқыту курсының спикерлері ретінде республикалық АТТ мүшелерінен философия магистрі, эксперт Гайко Ольга Александровна, сарапшы-теолог Чингужанов Рауан Жұмабайұлы, KAZISLAM ақпараттық-ағартушылық порталының редакторы, сарапшы-теолог Абуов Тұрар Түгелұлы дәріс оқыды. Аталмыш семинарға «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары, жергілікті имам, теологтар қатысуда.

Комментарии закрыты.