Сәуір 5, 2023

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АТТ ЖҰМЫСТАРЫ

?5 сәуір күні «Аңсар» АТО басшысы Нұрсұлтан Жаншин ҚР жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен кездесті.

?Кездесу «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары» тақырыбында ұйымдастырылды.

?Орталық басшысы Нұрсұлтан Жаншин шара қатысушыларына мемлекет пен дін арақатынасы, зайырлылық принциптері, мемлекеттік құрылым, дін саласындағы заңнамалар туралы жан-жақты түсінік беріп, «Қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі діннің рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.

?Сондай-ақ, әр түрлі діни ағымдардың сипаттары мен белгілері және одан сақтану жолдары жөнінде мағлұмат беріп, мемлекеттік қызметшілердің сұрақтарына жауап берді.

?Жалпы жиынға 20 мемлекеттік қызметкер қатысты.

@qogam.kdr
@zhapall
@aqtobe_press
@bulbulorakkyzy
@bolatmazhagulov
@din_aktobe
@turalievalimbek
@aktobe_saiasat
@nursultan_zhanshin
@aktobe.apa.kz
@ihsan_aktobe
@meiirbek_kalmanov
@nur_gasyr
@enshibaiuly_serikjan_imam
@aktobe.apa.kz