Ақпан 19, 2024

2024 жылдың 15-16 ақпан күндері Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қарсы-насихатпен айналысатын мамандарының біліктілігін арттыру семинары өтті

2024 жылдың 15-16 ақпан күндері Ақтөбе облысының дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қарсы-насихатпен айналысатын мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында екі күндік семинар өткізілді.
Әлеуметтік желі мен интернет кеңістігінің қолжетімділігі теріс ағым идеологиясының кеңінен таралуына тиімді болып отыр. Семинардың мақсаты – дін саласындағы мамандардың әлеуметтік желілерде қарсы-насихаттық ақпаратты сауатты әрі өтімді жеткізудің жаңашыл әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Семинарға дін саласында қалам тербейтін Ақтөбе облысының БАҚ өкілдері, «Ихсан» ҚБ орталығының, Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әлеуметтік желіге жауапты мамандары және облысқа қарасты 12 аудан бойынша интернет кеңісітігінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алумен айналысатын мамандар қатысыты.
Екі күндік семинарды «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы интернет кеңістігі мен БАҚ-та дін тақырыбын жариялау мен жазудағы өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Разақ Тастанбек Нұрмұхаметұлы бүгінгі ақпараттық қоғамның маңызы мен ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы айтып өтті.
Семинарға арнайы шақыртылған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алуды үйлестіру басқармасы» сарапшысы Қуатов Арулан Қуанышұлы «Діни экстремизмнің алдын алу және қарсы насихат материалдарының сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелері» тақырыбында оқу-тәжірибесімен бөлісті.
Түскі үзілістен соң Орал қаласының «Құбыла медия» бөлімінің басшысы, графикалық дизайнер Алишер Уалитханов «Халықты діни сауаттандыруда СММ құралдарын тиімді пайдалану» және «Видеоконтент әзірлеу және оны өңдеу» тақырыптарында әлеуметтік желімен жүйелі жұмыс жүргізу тетіктерін меңгертіп, оны практикалық тұрғыда пайдалануға машықтандырды.
Семинардың екінші күнінде Дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Аманбекұлы Мейрамбек «Діни қызмет және діни бірлестіктер Заңын түсіндіру» тақырыбында дәріс жүргізіп, жеке кәсіпкер, маркетолог (СММ, таргетолог, мобилограф) Нұрсұлтан Утебаев «Youtube» видеохостингін жүргізу алгоритмдері» және «Таргетинг» тақырыптарын кеңінен ашып, қолданылатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы және «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Разақ Тастанбек Нұрмұхаметұлы қатысушыларды 2 күндік оқыту семинарын сәтті аяқтағанымен құттықтай отырып, қорытындылап, біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификаттар табыстады.