Сәуір 4, 2023

Қ. ЖҰБАНОВ ат. АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

4 сәуір күні «Аңсар» АТО теологы Нұрлан Асанов және психолог маманы Ақжол Қасенов Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің физика және математика факультетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу «Әлеуметтік желідегі теріс діни ағымдардың зардаптары» тақырыбында өрбіді.

Шара соңында ақпараттық жадынамалар таратылып, студенттер сауалына жауап берілді.