Шілде 13, 2023

2023 ЖЫЛДЫҢ 10-11 ШІЛДЕСІНДЕ «АҢСАР» АҚПАРТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗДІ


«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы Ақтөбе облысындағы
имамдардың біліктіліктілігін арттыруға тұрақты түрде семинарлар
жүргізіліп келеді.
Жұмыстың нәтижелі жүргізілуіне басымдық беретін «Аңсар»
ақпараттық-талдау орталығы ағымдағы жылдың 10-11 шілде күндері
Алға ауданы, Бестамақ медресе-колледжінде Ақтөбе облысындағы
имамдардың біліктілігін арттыруға семинар өткізді.
Бұл жолғы семинар шалғай ауылды елді мекендеріндегі, аудан
орталықтарындағы және жаңадан қызметке кіріскен имамдардың
біліктілігін арттыруға бағытталып отыр.
Екі күндік семинарды «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы»
ММ басшысы Тұралиев Әлімбек Жәнібекұлы және Ақтөбе облысының
Бас имамы Серікжан Еншібайұлы салтанатты түрде ашып,
қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан
Жаншин ақпараттық түсіндіру жұмысы бағытының жауапкершілігі,
өзектілігі мен маңыздылығы туралы айтып өтті.
Семинарға Астана қаласынан арнайы шақыртылған
«Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі
Н. Назарбаев орталығы» діни ахуалды талдау және мониторинг
департаментінің директоры Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы
«Қазақстандағы діни ахуал: негізгі проблемалар мен
тенденциялар» және «Зайырлылық қоғамдық келісім мен
тұрақтылықтың негізі ретінде» тақырыптарында оқу-тәжірибесімен
бөлісті.
Түскі үзілістен соң Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университетінің кафедра меңгерушісі, тарихшы Сәрсенбин Үмбетхан
Қуандықұлы «Ақтөбе облысындағы діни тұлғалар тарихы»
тақырыбында дәріс жүргізсе, «AYANAT MEDIA» орталығының
басшысы, маркетолог Утебаев Нұрсұлтан Еділбайұлы «Әлеуметтік
медиа маркетингі және оның бағдарлары» тақырыбында жұмыс
барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Имамдар Алға ауданы, Бестамақ ауылынан 3 шақырым шығыс
бағытында орналасқан Есет батыр кесенесін зиярат етіп, ата-баба
рухына Құран бағыштады.
Семинардың бірінші күні «Аңсар» ақпараттық-талдау
орталығының мамандары мен семинарға қатысушы имамдар
арасында шағын футболдан жолдастық кездесумен аяқтады.

Семинардың екінші күнінде Қазақстан мұсылмандар діни
басқармасының наиб мүфтиі, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің
меңгерушісі Шоқанов Сансызбай қажы Құрбанұлы «Тәуәссул және
Истиғоса мәселесі» және «Соңғы пәтуалар және заманауи
пәтуалар» тақырыбында дәрістер жүргізді.
Семинар қорытындысы бойынша «Аңсар» ақпараттық-талдау
орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин қатысушыларды 2 күндік
оқыту семинарын сәтті аяқтағанымен құттықтай отырып,
қорытындылап, біліктілігін арттырғаны жөнінде сертификаттар
табыстады.