74443689_2430572917271168_8328406293815492608_n

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

№24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Нұрбол Аханұлы мемлекеттің дін саясатын түсіндіріп, жат ағымның белгілерін, түпкі мақсатын айтып, олардан сақтану шараларын айтты. Және бүктеме қағаздар таратылып, «Аңсар» орталығының «Сенім телефоны» бейнеролигі көрсетілді.

Сенім телефонына кез-келген тұрғын анонимді түрде дін не психология мәселесіне байланысты сұрақтарын жолдай алады. Сенім телефонының нөмірі: 8 (776) 074 17 07

Комментарии закрыты.