Тағылымы мол шара

Семинар Имам-1Бүгінде дәстүрлі дінімізді түсіндіруде, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда біршама шаралар нәтижелі жүргізілуде. Елбасы Н.Назарбаев діни басқарма өкілдерімен кездескен сәтінде «Дін саласында жұмыс істейтін имамдар мен мамандардың білім деңгейін арттыру жайын ойластыру қажет. Оқыған имам ғана дұрыс білім бере алады. Ол өз дінін терең танып, өзге діндердің ерекшеліктерін зерттеп, басқа да білімдерді игерген адам болуға тиіс. Имамдар шешендік өнерді, адам психологиясын меңгерген идеологтарға айналуы керек»,- деп айтқан болатын. Қазақ халқында «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей мешітке келіп, діни сұрақтарына жауап іздеген тұрғындарды сусындандыратын осы білікті имамдар. Өйткені, білім – біздің басты қаруымыз. Белгілі жазушы М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды теңестіретін - білім», дейді. Жастардың санасына жат ағымнан келетін рухани шабуылға төтеп беру мақсатымен жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіруде осы мамандарға бірден бір зор жауапкершілік түседі.

 

Осы орайда ағымдағы жылдың 17-18 мамыр күндері «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ақтөбе облысына қарасты қала және аудан имамдарының  біліктілігін арттыру семинары өткізілді.

Аталған шарада дәстүрлі құндылықтарды сақтау, оларды қолдану арқылы салт-сананы тұрақтандыру мақсатымен ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Б.Абдуалиев, «Ансар»кеңес беру - оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистрі, А.Сабдин сынды білікті теологтар арнайы шақыртылып, діни сауаттылықты арттыру арқылы қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мәселелері бойынша «Ислам шариғатының тарихы», «Діни ағымдардың шет елдерден әкелетін қауіптері» секілді тақырыптарда дәріс өткізді.

Семинарға қатысқан имамдар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, шара соңында  арнайы сертификаттар мен әдістемелік құралдар табыс етілді.

Семинар Имамдар-2

Семинар Имамдар-3

Семинар Имамдар-4

Семинар Имадар-6

Семинар Имамдар-7

Семинар Имамдар-8

Семинар Имамдар-9

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи