ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

2017 жылдың 23-24 мамыр күндері облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Ойыл ауданында болып, тұрғындар арасында бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.

 Ойылдағы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы мәдениет және демалыс орталығында «Дін және қоғам» атты мектеп оқушылары, дінтану пәнінің мұғалімдері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ауыл тұрғындары, Ойыл аграрлық колледжінде «Жастарды жат ағымдардан сақтандыру» тақырыбында колледж ұжымы, студенттер және Ойыл  аудандық қазақ орта мектебінде, аудандық орталық ауруханада «Қоғамдық саяси дамуды тұрақтандыру - экстремизм және терроризмнің алдын алу» атты жоғары сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері, мекеме ұжымы қамтылған кездесулер өткізілді.

Аталмыш шаралар барысында философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов және теолог мамандар дәстүрлі ислам дінінің тарихы мен қазақ халқының ұлттық құндылықтары, рухани бай мұрасы, жас ұрпақтың санасына көлеңке түсіретін жат ағымдардың зияны туралы мағыналы да мәнді дәрістерімен бөлісті. Әңгіме барысында тәрбиенің түпқазығы отбасынан дұрыс тәрбие беру, жастарды отаншылдыққа баулу және рухани жаңғыру бағытындағы маңызды іс-шараларды қоғам болып жүзеге асыру мәселесі де талқыға салынды. Тақырыпқа сай тыңдаушылардың сұрақтарына мамандар толыққанды жауап берді.

Сондай-ақ, Ойыл аудандық орталық мешітінде құптан намазы кезінде Ақтөбе қалалық орталық мешітінің найб имамы Т.Алдабергенов «Рамазан айының қадір қасиеті» тақырыбында мешіт жамағатымен уағыз насихат жүргізді. Шаралар жоғары деңгейде өтті.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи