«Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы», ҚР «Ақпарат және қоғамдық даму» министрлігінің, Дін істері комитеті мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында Online оқыту курсы жүзеге асырылуда.
⠀
Online оқыту курсында Ақтөбе облысының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобынан 85 маман, ҚМДБ өкілдері, теолог, психолог мамандар біліктілігін арттыруда.
⠀
Оқыту бағдарламасында:
⠀
«Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы экстремизмнің алдын-алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры, теолог-исламтанушы Сабдин Асқар Қалижанұлы @askar_sabdin «Қоғамның дерадикализациясының негізгі мәселелері» тақырыбында;
⠀
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» президенті Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы «Жаһандану жағдайында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру» тақырыбында;
⠀
ҚР мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Абзелбаев Мұрат Назтаевич «Оратордың тіл техникасы» тақырыбында;
⠀
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы «Ислам – толеранттылық пен плюрализмді қолдайды» тақырыптарында инновациялық тәсілдерді қолдана отырып семинар қатысушыларына дәріс оқыды.