Қазан 3, 2018

ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

[:kz]Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Құрметті ардагерлер! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. «Жас жүрген жер – мереке, Қарт жүрген жер – береке» екені белгілі. Сіздердің ақ баталарыңызбен ұл-қызымыз ер жетіп, еліміз өркендеуде. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, басыңызға амандық, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ пен береке тілейміз![:ru]Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Құрметті ардагерлер! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. «Жас жүрген жер – мереке, Қарт жүрген жер – береке» екені белгілі. Сіздердің ақ баталарыңызбен ұл-қызымыз ер жетіп, еліміз өркендеуде. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, басыңызға амандық, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ пен береке тілейміз![:]