27 августа, 2019

МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫ МЕН АТА-АНАЛАРҒА ЖАС САНАНЫ ЖАТ АҒЫМНАН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ

[:kz]Мектеп ұстаздары мен ата-аналарға «Аңсар» орталығының теолог маманы Панаев Нұрбол «Жас сананы жат ағымнан сақтау» тақырыбында кездесу өткізді.

Бүлікші топтардың жұмыс жасау тәсілі:
— көбінесе ата-ана мен қоғамнан қолдау таппаған, күйзеліс үстіндегі жандарды аңдып, жалған бауырмалдықпен, жылы сөзбен қатарларына шақырып, құрықтарына түсіреді; — әсіресе жастарды мақсатты түрде арбауына түсіруді көздейді. Өйткені жымысқы пиғылдары үшін егде жастағы кісілерден гөрі жастардың күш-жігерікерек.

Сондықтан үлкен буын, ата-ана, ұстаздар жас жеткіншектің досы бола біліп, қызығушылығымен санасып, тура жолға бағыттап отырғаны ләзім.[:]