26 сентября, 2019

ШАЛҚАР АУДАНЫНА ЕКІ КҮНДІК ІССАПАР

[:kz]»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы және теолог маманы Раушан Мералы Шалқар ауданында екі күндік іссапарда болып, ауданның әйел жамағаты мен мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг «Ислам дініндегі этикалық және моральдық мәселелет», «Әйел энергетикасын көтеру»,»Қазіргі қоғамдағы деструктивті ағымдардың сипаты»,»Қазақ қоғамындағы ұлттық тәрбие» тақырыптарын қамтыды. Семинар-тренинг Шалқар аудандық Ә. Жангелдин атындағы жоғарғы сынып оқушыларына және «Шафран» кафесінде әйел жамағатына өтті. Аталмыш семинар-тренингтен алған білімдеріне қатысушылар өз алғыстарын білдірді.[:]