23 октября, 2019
ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ. ЭКСТРЕМИЗМСІЗ ҚАЗАҚСТАН
[:kz]Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері мее басқа конфессияның өкілдеріне толерантты көзқарас қалыптастыру» бойынша жас спикерлерді дайындау екікүндік курсы болып өтті.
Курстың екінші күнінде «Еріктілер қозғалысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Уалихан Тұрарбекұлы семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке «Аңсар еріктілері», медакадемия, медколледж студенттері қатысып, еріктіліктің шығу тарихы, әлемге танымал еріктілер, еріктілер тобының жұмыс жоспары, мақсаты, стратегиясы жөнінде ақпарат білді.[:]