26 ноября, 2019
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
[:kz]Қ.Жұбанов ат. АӨМУ Филология факультеті студенттерімен «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Такеев Нұрлыбек сырттан енген жат ағымның дәстүрлі діннен айырмашылығын, түпкі мақсатын түсіндіріп, «сәлем салу» сияқты дәстүрлердің діни сипатқа ие еместігін және дінге қайшы келмейтіндігін түсіндірді.
Орталықтың психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы адамның басты қажеттіліктерінің шыңында рухани қажеттілік тұратынын, және осы рухани қажеттілікті іздерде тек қана сенімді ақпарат көздеріне жүгіну керектігін айтты. Өз кезегінде орталық маманы Қанатова Гүлзат @ansar_eriktileri жұмысымен таныстырып, студенттерді еріктілер құрамына шақырды.[:]