20 декабря, 2019
АУДАНДАРДАҒЫ ҮЗДІК МАМАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
[:kz]
Ақтөбе облысы бойынша 12 аудандар арасынан белсенді қызмет еткен мамандар шақыртылып, марапатталды.
Жаһандану дәуірінде ғаламтор мен әлеуметтік желілердің күшін ескермей кете алмаймыз. Сол себептен де «Белсенді парақша» номинациясы бойынша аудан үздіктері анықталды. Бұл тізімге Мұғалжар ауданынан Қаналы Көмекбайұлы, Темір ауданынан Альбина Бауыржанқызы, Хромтау ауданынан Нұрсұлтан Қазиханұлы, Алға ауданынан Бағылан Қанатұлы марапатталды.
Келесі номинация жамағатпен жұмыс бойынша Мұғалжар ауданынан Жасұлан Берікұлы, және әйел жамағатымен жұмыс жасауда жақсы нәтиже көрсеткен Алға ауданынан Ділда Қажымұқанқызы, Хромтау ауданынан Айнұр Әділбекқызы, Шалқар ауданынан Гүлбану Елмұханбетқызы, Мұғалжар ауданынан Дана Қуанқызы, Жұлдыз Темірбекқызы, Аида Асембайқызы марапатталды.
Жұмыстарыңызға сәттілік тілеп, алдағы жылы да қарқынды еңбек етіп, тығыз байланыста болуға шақырамыз!
[:]