«АҢСАР ЕРІКТІЛЕРІ» ӨЗ ҚАТАРЫНА ШАҚЫРАДЫ.
[:kz]
Қайырымдылықпен айналысып, елге пайдалы деген идеяларыңызды жүзеге асырып, форум, зияткерлік сайыс, Республикаға белгілі, халықаралық спикерлердің дәрісіне тегін қатысып, «2020 — Еріктілер жылының» мол мүмкіндігіне ие болғыңыз келе ме? Ендеше, @ansar_eriktileri сізді өз қатарына шақырады.
Аңсар еріктілерінде: Қайырымдылық шаралары түрлі форматта жүзеге асырылады. Көмекке мұқтаж жандарға материалдық-рухани қолдау көрсетіледі;
Психологиялық тренингтер, пайдалы дәрістер арнайы мамандар мен сенімді ақпарат көздерінен беріледі;
«Аңсар» орталығының ұйымдастыруымен өтетін семинар-тренинг, форумдарға бірге атсалысып, Республикалық, халықаралық дәрежедегі спикерлердің дәрісіне тегін қатысасыз;
«Оқырман ойы» кітапсүйерлер басқосуында заманауи, психологиялық, мотивациялық, отандық әдебиеттерді бірге оқып, талқылап, өз өміріңізде пайдаланасыз;
Спорттық шараларда салауатты өмір салтын ұстанып, ұлттық ойындар, күнделікті жасайтын жаттығуларды арнайы маманнан үйренесіз;
Зияткерлік сайыстар мен Дебат клубы арқылы ақыл-ойыңызды шыңдайсыз.
Бұл біздің ұсынатынымыз. Ал, сіз не ұсынасыз, жас дос?!
«Аңсар еріктілерінің» қатарына қосылу үшін 8 776 074 17 02(ватсап) нөміріне жазыңыз.
[:]
