27 января, 2020

ЖЕЛІДЕ ЗАҢСЫЗ ДІНИ УАҒЫЗ ЖҮРГІЗГЕН АҚТӨБЕЛІК ӘЙЕЛ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАДЫ

[:kz]Ақтөбе облысының дін істері басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу нәтижесінде қала тұрғыны Дәметкен Құлтаеваның діни уағыздарды кедергісіз жүргізу туралы тиісті құжатының жоқтығына қарамастан дін ұстанушылары арасында уағыз-насихат жүргізгенін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490-шы бабы бойынша, яғни «миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асырғаны» үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, «Вконтакте» әлеуметтік желісіне де мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр.

Өткен жылдың 4 тоқсанында 20-дан аса парақшаға діни сараптама жүргізіліп, 2 адамға әкімшілік хаттама толтырылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453-бабы 1 тармағы бойынша 50 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Сондай-ақ, дін істері басқармасы теолог мамандармен бірге әкімшілік жазаға тартылған азаматтарға арнайы профилактика жұмыстарын жүргізумен айналысуда.

Дереккөз: KAZ.NUR.KAZ[:]