11 февраля, 2020
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ТЕОЛОГПЕН КЕЗДЕСТІ
[:kz]»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Панаев Н. «Интеллектуалдық спорт түрінен облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» оқушыларына «Жат ағымдардың зардабы» тақырыбында дәріс өткізді.
⠀⠀⠀
Кездесу барысында Нұрбол Аханұлы тұлға санасын бұзуға бағытталған, құқық пен бостандыққа қатер төндіретін, адамға рухани, сондай-ақ тәндік зақым тигізетін — деструктивті жалған діни ұйымдар туралы түсінік беріп, олардың зардабын, аулақ болу жолдарын жеткізді.[:]