ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА
[:kz]Ақтөбе облысының дін істері басқармасы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қызметкерлері жыл басында бекітілген аудандарындағы діни ахуалға талдау жүргізу және әдістемелік көмек көрсету жұмыс жоспарына сәйкес Мұғалжар ауданына іссапарға шықты.
⠀⠀⠀
Ақпараттық түсіндіру тобы құрамында Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Р.Құлдыбаев, басқарманың бас маманы А.Давлеткалиев және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары, теолог Т.Талдыбаев, бөлім басшысы, психолог Н.Разақов болды.
⠀⠀⠀
Жұмыс барысында АТТ құрамы аудан әкімі А.Шериязданов төрағалық еткен жиында жалпы аудан бойынша діни ахуалға талдау жасап, діни ахуалды жақсарту мақсатында аудандық ақпараттық түсіндіру тобына нақты тапсырмалар берді.
⠀⠀⠀
Сонымен қатар, іс-сапар аясында теологтармен жамағат арасындағы топтық және жеке кездесулер өткізіліп, құптан намазы уақытында аудандық мешіттерде уағыздар жүргізілетін болады.[:]