2 марта, 2020

АЛҒА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

[:kz]Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен «Алға қаласы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерімен «Зайырлы қоғам құндылықтары» тақырыбында кездесу өтті.
⠀⠀⠀
Кездесу барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Нұрмұхаммед Разақов және Алға дін орталығының теологі Ғалым Идрисов діни радикализмнің алдын алу, жат ағымдардың зардабы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.[:]