31 марта, 2020

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ONLINE ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

[:kz]»Аңсар» орталығы тарапынан online дәріс, семинар-тренингтер жалғасуда. ⠀
Кезекті тікелей эфирді орталық психологы Эльмира Қайырғалиқызы «Адамның 3 күйі: құрбан, құтқарушы және қуалаушы» тақырыбында өткізді. ⠀
Тікелей эфир барысында адамның психологиялық 3 күйі:
1. Құрбан — өзіне, өмірге наразы адам;
2. Құтқарушы — үнемі айналасындағыларға ақыл айтып жүретін адам;
3. Қуалаушы — біреудің мінін іздеп, тиісе беретін адам ұғымдарына түсінік беріліп, оқырмандардың сауалдарына толыққанды жауап берілді.[:]