2 апреля, 2020

«АҢСАР» ВОЛОНТЕРЛАРЫ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

[:kz]»Аңсар» орталығына карантин жариялануына байланысты ауылдарына жете алмай 4 немересімен қалада қалған Кеңқияқ тұрғыны хабарласқан еді. Үй-жайынан шыға алмай қалған қарияға @ansar_volunteer тобы көмек қолын созды. Апамыздың өтініші бойынша жайнамаз және тасбих алынып, кішкене бүлдіршіндерге тәтті-дәмді апарып берілді.

Қиын-қыстау кезеңде ұйымшылдық танытып, өзгенің мұқтаждығына бей-жай қарамаған жаны жомарт жандарға алғыс айтамыз.[:]