«МАЗҺАБ ТУРАЛЫ ДҰРЫС ТҮСІНІК» ТАҚЫРЫБЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТТІ
[:kz]»Аңсар» ақпараттық талдау орталығының @ansar_aqparat инстаграм парақшасында ҚМДБ «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, білікті теолог Алшынбаев Қанат Мұқанғалиұлы @kanty1978 «Мазһаб туралы дұрыс түсінік» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
⠀
Тікелей эфир барысында Мазһаб дегеніміз- Құран мен сүннетке негізделген қағидалар жиынтығы екендігі түсіндірілді. Және Құран мен сүннетке негізделген, уақыт пен кеңістік шеңберінің тексерісінен өткен мазһабты ұстану сүннетке сай екендігі айтылды.
⠀
Тікелей эфир толықтай @ansar_aqparat инстаграм парақшасында сақтаулы, 24 сағат ішінде қарай аласыздар.
⠀
#Online_ATT жұмысы әрі қарай жалғасады. Республикаға белгілі және жергілікті дін мамандары online дәріс жүргізетін болады. @ansar_aqparat парақшасына жазылыңыздар.[:]